Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: үзіндінің мазмұнын, кейіпкерлердің іс-әрекетін біледі



Дата02.07.2018
өлшемі142,24 Kb.
#45875
түріСабақ
Бейсенбина Айгуль Базарбаевна,

Астана қаласы,

№70 мектеп-лицейі

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (повестен үзінді)

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: үзіндінің мазмұнын, кейіпкерлердің іс-әрекетін біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: кейбір әрекетін салыстырып, баға бере алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: шығармадағы кейіпкерлер портреті арқылы өзіндік ой қорытып, өмірмен байланыстыра отырып, өз пікірін ортаға салады.

Жетістік критерийлері

Шығарма бойынша мәтіндегі кейіпкерлердің портреті мен іс-ірекетін анықтайды, кейіпкерлердің образына талдау жасайды.

Құндылықтарды дарыту

Отбасылық қағидаларды оқушылар бойына сіңіре отырып, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге баулу.

АКТ қолдану дағдылары

Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы (bilimland.kz)

https://bilimland.kz/kk#lesson=15408



Қолданылатын

әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап, 3.3.1 әдісі, демонстрация, екі жақты күнделік, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс


Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі


  • Топқа бөлу. 1 минут. 5 түрлі түс беріледі, осы түрлі – түсті қағаздар арқылы сынып оқушылары 5 топқа бөлінеді.

  • Психологиялық жағымды ахуал орнату. 2 минут. «Сымсыз телефон» ойыны «Менің атым...» деп басталады.

  • Фильмнен үзінді көрсете отырып, қызығушылықты ояту, жаңа сабаққа кіріспе

жасау. 2 минут.

https://youtube.be/2c7YLpFMhvc


Оқушыларға INSERT кестесін тарату. 2 минут.

Нені білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?









- Балалар, бұл қай фильмнен үзінді деп ойлайсыңдар?

- Қожа жайлы біз не білеміз?

- Иә, дұрыс айтасыңдар, бұл «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді. Бүгін біз Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінен үзінді өтеміз. Бүгінгі сабақта нені білгілерің келеді? (оқушылар өздері сабаққа мақсат қояды)




Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті


Уақыт (мин.)

Ресурс

Білу



Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы және повесть жайлы қысқаша мағлұматты қазақ әдебиетінің аудиохрестоматия-сынан тыңдату.


Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы және повесть жайлы қысқаша мағлұматты қазақ әдебиетінің аудиохрестоматия-сынан тыңдатады.

Оқушының

іс-әрекетін бақылайды.


Тыңдайды, мәлімет алады, есінде сақтайды.

3

https://bilimland.kz/kk#lesson=15408

№545. Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым Қожа»

Повесть жайлы қысқаша мағлұмат.



Түсіну

«Менің атым Қожа» повестен үзіндіні қазақ әдебиетінің аудиохрестоматия-сынан тыңдату.


Бірінші тарауды «Менің атым...» қазақ әдебиетінің аудиохрестоматия-сынан тыңдатады.

Оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:

- Өздеріңе қандай есімдер ұнайды?

Ат қою туралы қандай дәстүрді білесіңдер?



Ұсынылған ақпаратты түсінеді, өз сөздерімен тұжырымдайды

8

https://bilimland.kz/kk#lesson=15408

№545. Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым Қожа»

Шығарманың аудионұсқасы



Қолдану



Топтық жұмыс.

«Менің атым Қожа» фильмінде кімдер ойнады? Фильмнің басты кейіпкері Қожа қандай бала?



Оқушыларға керекті құралдарды тарата отырып, бағыт беріп, көмектеседі.

Топта жұмыс жасайды. Интернет желісін пайдалана отырып, кейіпкер рөлін сомдаған әртістерді табады, фильмнің басты кейіпкері Қожаның қандай бала екендігін түсіндіреді.

7

А-3 парағы, маркерлер

Талдау (анализ)

Жұптық жұмыс.

Екі жақты күнделік стратегиясы

Кейіпкер

Мінездеме

Қожа




Жантас







Оқушыларға керекті құралдарды тарата отырып, тыңдайды, толықтырады.

Кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме береді. Сынға лады. Ерекшелігін айтады

3



Жинақтау (синтез)

3.3.1 әдісі

Шығармадағы кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы 3сөз тіркесін ала отырып, 3сөйлеммен айтып, ойларыңызды 1мақал-мәтелмен түйіндеңіз.



Тыңдайды, пайымдайды, жинақтайды.

Шығармадағы кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы 3сөз тіркесін ала отырып, 3сөйлеммен айтып, ойларын 1мақал-мәтелмен түйіндейді, тұжырымдайды

5



Бағалау



Жеке жұмыс

Сұрақ – жауап

1.Бердібек Соқпақбаевтың повестерін белгілеңіз.

«Балалық шаққа саяхат»

«Мөлдір махаббат»

«Қайдасың, Гауһар?»

«Атаукере»

2. «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген»,-дейді кейіпкер. Ол кім?

3.Қожа өз атына риза ма?

4.Сен өз атыңа ризасың ба?



Оқушылардың жауабын тыңдайды, нақтылайды.

Сұрақтың жауабын дәптерге жазады, өз ойын айтады, қорытынды-лайды.

5


https://bilimland.kz/kk#lesson=15408

№545. Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым Қожа»

3-тапсырма


Үйге тапсырма




«Бақытты балалық шақ» тақырыбында эссе жазу

Эссе құрылымын сақтауды ескертеді

Күнделікке жазып алады

1




Кері байланыс



Блоб ағашынан өзін таңдап, белгілеуді сұрайды

Сабақты қаншалықты түсінгендігін бағалап, көрсетеді. Блоб ағашынан өзін таңдап, белгілейді.

1





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет