2.1.1.2.1. кесте. Алматы қаласының сыртқы сауда айналымының көрсеткіштері
Атауы/жылдар
|
Өлш. бір.
|
2013
|
2014
|
2015
|
Сыртқы сауда айналымы
|
млрд. доллар АҚШ
|
27,4
|
22,3
|
14,4
|
Экспорт
|
млрд. доллар АҚШ
|
4,7
|
5
|
2,8
|
Импорт
|
млрд. доллар АҚШ
|
22,7
|
17,3
|
11,6
|
Сальдо
|
млрд. доллар АҚШ
|
-18
|
-12,3
|
-8,8
|
Дерек көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Шикізаттық емес тауарлардың экспорттық үлесі 2013-2015 жылдардағы кезеңде 3,2% төмендеген. Бұның бәрі өңдеуші өнеркәсіп өнімдері көлемінің жалпы азаюына байланысты болып отыр.
Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің саны іс жүзінде бір деңгейде қалып отыр. Олардың санындағы ауытқу қала шаруашылығы мен қала халқының құбылмалы қажеттіліктеріне жауап болып табылатын кейбір өндіріс орындарының өз жұмысын бастауынан туындаған. Негізінен бұл фармацевтикалық және тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының кеңеюі мен ашылуына қатысты.
Соңғы үш жыл ішінде қаланың тіршілік қабілеттілігін қамтамасыз ететін ішкі салалардың үлес салмағы артқан. 2015 жылы электрмен қамту, газ және жылу беру, ауаны желдету, сумен қамту, кәріз жүйесі және қалдықтарды жинаудың үлесіне өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төрттен бір бөлігі тиісті болған.
30-дан астам арнайы маманданған салалар, ішкі салалар мен жекелеген өндірістер енетін тағам өнеркәсібі Алматы қаласының өнеркәсіптік кешеніндегі ірі салалардың бірі болып табылады. 2013-2015 жылдардағы кезеңде тағам өнімдері өндірісінің жалпы өңдеуші өнеркәсіп көлеміндегі үлес салмағы 26,3%-дан 30,8%-ға дейін артқан.
Алматы қаласында бірқатар ірі және технологиялық тұрғыда озық лак-бояу материалдарын, сумен қамту, кәріз және шоғырсымдарды қорғау жүйелеріне арналған полиэтилен құбырларды, термоқабықшалар, қаптама өнімдерін, өлшеп қаптау қапшықтарын, тағам өнімдері мен мұздатылған өнімдерге арналған қапшықтар өндіру бойынша химия өндіріс орындары орналасқан. 2015 жылы алдыңғы жылдардағы біршама өсімнен кейін химия өнеркәсібінің және машина жасаудың көлемі айтарлықтай азайған.
Қаладағы өнеркәсіп саласының негізгі қиыншылығы төмен еңбек өнімділігі, сонымен қатар, саланың көрсеткіштерін жекелеген кәсіпорындардың жұмысына тәуелді ететін шағын көлемдері болып табылады. Салалық дамуды әрі қарай қолдау үшін қалада «Алматы қаласы Алатау ауданындағы индустриалды аймақты құру» жобасы жүзеге асырылуда.
Кластер құрудың негізгі мақсаты экспортқа бағытталған экологиялық шикізаттық емес өнімдер жасауды қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.
Сонымен, 6 өндіріс секторы бар:
- тағам өнеркәсібі;
- машина жасау;
- құрылыс өнеркәсібі;
- фармацевтикалық өнеркәсіп;
- химия өнеркәсібі;
- жеңіл өнеркәсіп.
Индустриялық аймақта 4 489 жұмыс орындарын құра отырып, 176,9 млрд. теңге инвестицияның жалпы көлемімен 33 жоба бекітілді.
Достарыңызбен бөлісу: |