Қоғамдық-саяси тақырыбындағы әдебиеттерді дәріптеу
ОҚБК) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудың 80 жылдығы аясында «Тарих беттері...» атты еске алу сағатын өткізді. Мақсаты: тарихымыздың қасіретті беттерін парақтай отырып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын әрқашан жадымызда сақтап, ұмытпау қасиетті борышымыз деп ой елегімізде сіңіріп, санамызға саралау, жас ұрпақты ұлт зиялыларын құрметтеуге тәрбиелеу
. (ф№5) Алаш орда үкіметінің құрылғанына- 100 жыл толуына орай, «Алаш орда-азаттықтың ақ таңы»атты дөңгелек үстел болып өтті. Кітапханашы шара барысында қатысушыларға Алаш ұлттық автономиясының негізгі қағидаттарын, Алашорда үкіметінің құрылу себептерін, сонымен қатар жалпы ұлтымыздың құндылықтары өткен ғасырдан тамыр жайғандығы жайлы айтып берді. Өзара пікір алмасу барысында тарихымызда алтын әріптермен жазылған айтулы оқиғаларын тағылым ретінде балаларға түсіндірді. Кітапхананың оқу залында тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, Алашорда мүшелерінің (Ә.Бөкейханов, У.Танашев, Х.Досмұхамедов, А.Тұрлыбаев, Х.Ғаббасов, М.Шоқай, С.Аманжолов, Ж.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, Б.Құлманов, Ж.Ақбаев, Б.Мамытов, О.Әлжанов) өмірі және еңбек жолдарымен тереңірек таныстырылды. Оқырмандар арасында викториналық сұрақтар қойылып балалар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Қазіргі қоғамда белең алып тұрған ең қорқынышты нәрсе бұл – террорлық акт. Осыған орай 6- сәуір күні №5 филиалында«Терроризм-ғасыр дерті» атты ақпараттық сағат болып өтті. Кітапхананың оқу залында бірнеше діни кітаптардан және терроризм жайлы баспасөз беттерінде жарияланған материалдардан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқырмандар арасында терроризмнің түпкі мақсаты не екендігі жайында әңгіме өткізілді.Бұл ақпараттық сағат барысынды балалар осы қорқынышты қанды лаңкестік жайлы ой –пікірлерін эмоциональды түрде талқылады. Іс –шара соңында кітапханашылар балаларға, мұндай қатер төнген кезде немесе жарылғыш зат байқап қалған жағдайда өздерін қалай ұстау керек екендіктері жайлы, жадынама таратты.
Достарыңызбен бөлісу: |