А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында жас жеткіншектің бойына патриоттық сезімін ояту, отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу мақсатында Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына байланысты «Қаһарман қызы қазақтың» атты тарихи сағат өтті. Аты аңызға айналған қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметова өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері жайында мәліметтер айтылып, «Қаһарман қызы қазақтың» атты көрмеге шолу жасалынды.Соғыс туралы бейне фильм назарларына ұсынылып, балалар соғыс жайында өлеңдер оқыды. Еліміздің өткен тарихын құрметтеу, Отанға деген жауапкершілік және мақтанышын сезімін ояту мақсатында, А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Этих дней не смолкнет слава» атты әдеби сағат-реквием болып өтті. Кітапханашы көрмеге қойылған соғыс туралы кітаптармен жан-жақты таныстырды. Шара барысында біздің жерлесіміз, ардагер, ҰОС қатысушысы Х.Т. Тотаев туралы бейне-сұхбат көрсетілді. Онда ардагер атамыз соғыс жыладырындағы қатал да қиын-қыстау кездерін еске түсіріп, қандай медаль және ордендармен марапатталғандығы жайында айта кетті. Іс-шара соңында Хаден Тотаевич өскелең ұрпаққа өзінің жылы лебіздерін білдіріп, сабақтарын жақсы оқып, елінің қалаулы азаматтары болуға шақырды. 6- мамыр Жеңіс күні қарсаңында Мәншүк Мәметованың - 95 жылдық мерейтойына арнап «Аңызға айналған қыз» атты патриоттық сағат болып өтті. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерліктерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту мақсатында залда 1 минут үнсіздік жарияланды. Іс - шара барысында Мәншүк Мәметова жайлы «Батырлар елі» атты фильм көрсетілді. 9- сынып оқушысы Нұржанова Айзат Мәншүктің анасына жазған хатынан үзінді оқып берді. 2- сынып оқушысы Тілеуғабылов Бауыржан Соғыс туралы тақпақ айтып, 9-сынып оқушысы Қамбар Жаннұр «Әлі есімде» атты әнін орындап берді. Кітапханашы «Бабалар рухына тағзым»атты кітап көрмесіне шолу жасады. Көрмеге жерлестеріміздің фотосуретімен өмірбаяны жазылған альбом және аты аңызға айналған Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының, Әбіш Кекілбаевтың патриоттық тақырыпта айтқан жалынды сөздері қойылды.(ф№4) «Еңсесі биік –Ұлы Жеңіс!" атты кітап көрмесі кітапхана терезесіне шығарылды. Жарқын көрме өтіп бара жатқан адамдардың назарын өзіне аударып, көпшіліктің көңілінен шықты. Көрмені көшеден тамашалап, ұнаған кітапты оқуға кітапханадан алуға болатынын оқырмандарға жеткізді.
Туған өлке тарихына қызығушылықты арттыру бағытындағы жұмыс
Балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген киелі сезім оянады. Əрбір адам үшін Отан - отбасынан басталады. Осы бағыт-бағдар бойынша жоспарланған іс-шараларды алдағы уақыттарда келешек болашақ жасөспірімдердің құштарлығын арттыру, жас буынғакіндік қаны тамған жер, өзінің кішкенеОтаны тарихы туралы тереңірекбілумақсатында өлкетанубағытында іс-шаралар өткізіледі.Бүгінгі мыс шаһары атанған қасиетті мекеніміз, көкше көлдің жағасында бой көтерген Балқаш қаласының 80 жылдығы тек қана бұл өңірде ғана емес, Қазақстан бойынша ерекше маңызды мереке. Сондықтан, жыл басынан өткізген іс-шараларымыздыңбірқатары осы тақырыпқа байланысты.Бүгінгі оқырмансұранысының талабына сай, өлкенің тарихы мен ерекшеліктеріне қызығушылығын арттыру, өз Отанын, елін, туған жерін сүюге баулу мақсатындабіздің кітапханада«Туған өлкем, қандай көркем» өлкетану бағдарламасы жүзеге асырылуда.Бағдарлама аясында сурет байқауы, «Мен өлкемді сүйемін!»интеллектуалды ойыны өткізілді.Бұнда өлкенің,қаланың тарихы, көше атаулары тарихынан сұрақтар болды, көшелерден бір белгілі орындар суретке түсіріліп, қай жерде орналасқаны жөнінде айту керек болды. Соғыс ардагері Тотаевпен бейне-интервью өткізілсе, күйші композитор Мағауия Хамзинның 90- жылдығына орай музыкалық сағат өткізіліп, «Сен мәңгісің, шертпе күйдің шебері» атты буктрейлер жасалды. Ширек ғасырдан астам қазақ елін басқарған тұлға Д.А.Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына орай А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында әдеби портрет өтті. (Ф№3) «Менің қалам – менің тағдырым» атты өлкетану сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларымыз сүйікті қаламыз жайлы эссе жазып, шаhар болашағы жайында өз ойларын ортаға салды. «Жас талап» клубының мүшелері Советова А., Оралбекова А., Көпбаева Г., Әміржан Д., Сайранова А. өлкемізге арнауларын оқып, ән шырқады. «Балқаш кеше және бүгін» атты видео көрсетіліп, оқушыларға қаламыздың әсем көшелері, тарихи ескерткіштері бойынша викторина сұрақтары қойылды. Кештің соңында кітап-фото көрмесіне шолу жасалды.Оқырмандардың назарына бас қала туралы бай материалдардан құралған кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.нің сүйікті қаламның келбеті“ виртуальды саяхаты барысында бейнеролик арқылы балалар қаламызға саяхат жасады. Балқаш қаласының құрылғанынан бергі ғимараттары мен қазіргі кезде бой көтерген әдемі ғимараттары мен ескерткіштерін көрсетті. Сосын балалар „Өз қалаңды білесің бе? “ атты слайд арқылы викториналық сұрақтарға жауап берді.
(ОҚБК)Ескерткіш мұралары көне тарихтың куәсі. Олай болса, оларды насихаттау әрбір азаматтың парызы, сонымен қатар қамқорлығы.Осыған орай жас жеткіншектің Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру, ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді сақтауға үйрету, тарихи өлкеміздің рухани және құнды мұраларын көздің қарашығындай сақтау, болашаққа аманат екенін түсіндірумақсатыменБалқаш ескерткіштерінің 3d галереясы» жасалды. Бұл галереяның тұсаукесері «Туған қаламның сүйікті жерлері» библио-такси бағдарымен өлкетану сағаты өтті. Кітапханашы жиналған қауымды қала көшелерін виртуалды таксимен аралатып, соңғы аялдама «Ғылым ордасына» келді. Қозғалмалы көліктегі «жолаушылар» әр аялдамада туған қаламыздың жаңашыл өмірімен танысып отырды. «Көшелер», «Біздің мақтанышымыз» аялдамаларында көшелерге аттары берілген тұлғалар туралы ақпарат беріліп, өлеңдер оқылды. Ал «Ескерткіштер» аялдамасында балалар кітапханасының сайтына қойылған Балқаш қаласының 3D ескерткіштерінің тұсаукесері .«Тарихи ескерткіштер – ұлт құндылығы» айдарыменөтті.