Байланысты: информатика дайын варианттар 104 беттік
Мәнмәтіндік тапсырмалар 2-мәнмәтін Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма 10 желтоқсан - Бағдарламаушылар күні. Бұл күнді осы мамандықтың алғашқы өкілінің туған күніне орай койғаны мәлім. 1833 жылы ағылшын ғалымы Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасап шығарды. Программалар кодталып перфокарталарға түсірілді. Бұл әдісті Бэббидж тоқыма станоктарындағы амалдарды бақылауға алғаш пайдаланған француз өнертапқышы Ж.Жаккардтан алды.
Бэббидждің ойынша бұл командалар жұбын және мәліметтерден тұратын топтарын бірте-бірте енгізгенде автоматты түрде әр түрлі есептеулер орындауы тиіс еді. Картадағы тесіктердің орналасу тәртібін және карталардың келу ретін өзгертіп, есептеу ретін өзгертуге болатын еді. Жобаның меценаты (қамқоршысы) - белгілі ақын Джорж Байронның қызы графиня Ада Лавлейс (Ada Lovelace) осы «аналитикалық машинаның» программисті болды. Ондық жүйенің орнына екілік жүйені қолдану қажетгілігіне Бэббидждің көзін жеткізген сол Ада Лавлейс болды. Ол осы күнге дейін көкейтесті болып келетін программалаудың негізгі принциптерін жасады. Оның құрметіне 1979 жылы жасап шығарған алгоритмдік тіл Ada - деп аталды.