7 сынып
1.Дамыған орта ғасырға жататын мемлекеттер-Қарахан, Қарақытай, Найман, Керейттер,Жалайыр, Қыпшақ.
2.Ерте орта ғасыр мемлекеттері- Түрік, Батыс, Шығыс Түрік қағанаттары, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ.
3.Хақназар билік еткен кезде Жетісу мен Ыстықкөл аймағын басып алу мақсатымен қазақ даласына соғыс ашқан Моғолстан ханы: Абд-ар-Рашид (Абд-ар-Рашид баласы шайқаста қаза тапқан осыған жауап ретінде 16ғ. 50-60 жж. болған шайқастардың бірі .Қазақ-қырғыз одағы сәтсіздікке ұшырады.)
4.Қарахан мемлекетінің құрылуына жол ашқан саяси жағдай: Сатұқ Боғраның Оғұлшақты жеңуі
5. Батыс Түрік қағанатының саяси беделін күшейткен қағандар: Тардуш(Дато-алғашқы қағаны), Шегу (610-618жж), Тон(618-630жж.)
6.ҰЖЖ қалалардың әлеуметтік-экономикалық жағынан әлсіреуіне әсер еткен жағдай:Моңғол шапқыншылығы
7.Монғолия аймағында қалыптасқан ортағасырлық мемлекеттік бірлесттіктер:Найман, Керейт, (Жалайыр)
8. Ішкі қайшылықты пайдаланып, Тәуекел мен Ташкент түбінде Абдаллах ханның әскерін ойсырата жеңген уақыты: 1597ж
9.Тәуке ханның билігі кезінде Қазақ хандығының басқару жүйесіндегі орын алған оқиға: Билер құзіреті артты
10. Тәуке ханды ежелгі даланның ақылгөйі Ликругпен теңеген ғалым: Левшин (1680-1715(1718жж.)
11.Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан ортағасырлық қала: Баршыкент
12.Жетісу жерінде өмір сүрген ерте орта ғасырлық мемлекет-Қарлұқ
13. «Қасым хан Жәнібек ханның ұлы. Ол өз билігін Дешті Қыпшақ даласына дейін жүргізген . Сан мыңдаған әскері болған.... бұл елде Жошы ханнан соң дәл осындай құдіретті хан болған емес» деп жазған ғұлама: М.Х.Дулати «Тарихи Рашиди» («Жәнібек ханның ұлдары арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ұзақ уақыт бойы атасының ұлысына билік етті. Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты. Ол туралы аңыздар әр жерде көп тараған, көпке мәлім болған,» деп жазған Қ.Жалайыри «Жылнамалар жинағы»)
14. «....Мен қазақ ішіне кеттім. Түркістанда Есім хан қасында үш ай тұрдым.» Еңбектің авторы: Әбілғазы Бахадүр хан
15. «...Әл-Макдисидің деректеріне қарағанда Х ғ. аяқ шенінде... «иелігі мол үлкен елді мекен» болды.» Мәтінде сипатталған қаланы анықтаңыз: Баласағұн
16. «Әбілхайыр хан Дешті Қыпшақ уәлаяттарында өз ағаларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқай-Темір хан мен Жәнібек хан...бағыну мен мойынсыну шегінен шығып, отанынан кетіп қалуды жөн көрді» Мәтінде сипатталған Керей мен Жәнібек хандардың Моғолстанға қоныс аудару кезіндегі иеленген жері:
17.ІХ ғ. соңында Сырдарияның орта және төменгі ағысында құрылған мемлекет:Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы-ХІ ғ.ортасы)
18.1611ж. Бұхар хандығының Қазақ хандығымен келісімге келу себебі:Ташкент түбіндегі жеңіліс (Иманкұли мен Есім. Қазақ хандығының жеңісі.)
19.Ноғай Ордасын 1426-1440 ж. билеген тұлға:Нұраддин
20.Ірі қала әкімдерінің Қарақытай билеушісіне жыл сайын төлеген жер салығы:Харадж
Достарыңызбен бөлісу: |