9 сынып
1.1970ж. кеңшар директоры И.Худенконың шаруашылықта жүргізудегі ұсынған әдісі: Фермерлік шаруашылық дамыту.
2.Қазақстанда фермерлік шаруашылықпен құру мен дамытуға талпынған тұлға:И.Худенко
3.Ұлттық валютаны енгізу туралы Қазақстан Президентінің Жарлығы шықты: 1993ж 12 қараша. (Айналымға түскен уақыты-1993ж 15 қараша)
4. 1935 ж. жарық көрген «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» еңбегінің авторы: С.Асфендияров
5.Бүкілресейлік мұсылман съезі мен Орынбор І жалпықазақ съезд өтті:1917 ж мамыр
6.Ақпан революциясы кезінде болған оқиға: Монархия құлады. (Романовтар әулеті-ІІНиколай өлтірілді. Орнына қос үкімет орнады-Уақытша және Жұмысшы, солдат, депутаттар Кеңесі)
7. «Қазақстан-2030» стратегиясының жарияланған жылы: 1997ж
8.ТМД құрылды-1991 ж 21 желтоқсан Алматыда (11-Республика қатысқан. Грузия-бақылаушы есебінде. Балтық елдері қатыспады.)
9.1965 ж. алғашқы мұнай алынды: Жаңаөзен
10.Индустрияландыру кезінде Қазақстанның табиғи байлықтарын зерттеуде үлес қосқан: Қ.Сәтбаев (Жезқазған ауданындағы мыс кені зерттеген еңбегі үшін 1942ж Мемлекеттік сыйлық берілді.)
11.ХХ ғ. 80ж. соңында экономикалық және саяси талаптар қойған ереуіл: шахтерлар ереуілі (1989ж шілде Қарағанды 10-15 мыңдай кенші қатысқан. Экономикалық талап-еңбекақыны арттыру, азық-түлік түрлерін көбейту, шахтадағы жұмыс жағдайын жақсарту. Саяси талап-Семей ядролық полигонның жабу, одақтық министірліктердің монополиясын тоқтату. КСРО көмір өнеркәсіб министрі -М.И.Шадов келсе де ереуіл тоқтамады. Тек ҚКОАК бірінші хатшысы Н.Ә.Назарбаев пен кездескен соң тоқтаған. )
12.Еңбекшілерге өнеркәсіп және азық өнімдерін карточкамен өлшеп беру жойылған мерзім: 1947ж
13.Ұжымдастыруға қарсы болған толқулар мен бой көрсетулер саны: 400 –дей (80 мыңдай адам қатынасқан, 5 мыңнан астамы сотталған,олардың 883-і атылған.)
14.1937 ж наурызда қабылданған құжат: Қазақ КСР Конституциясы (1936 ж КСРО Конституциясы)
15.1920ж. құрылған Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестің Республикасының жоғарғы органдары:Орталық Атқару комитеті (С.Меңдешов), Халық Коммисарлар Кеңесі (Радус-Зенкович)
16.2011 ж. Қазақстан төрағалық етті: Ислам Ынтымақтастық ұйымына
Достарыңызбен бөлісу: |