Тақырып бойынша сұрақтар: Экономикалық өсу неден көрінеді? Экономикалық өсудің қарқыны қандай көрсетшіштердің көмегімен сипатталады



бет1/6
Дата11.12.2021
өлшемі23,03 Kb.
#99126
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
OMGR1


Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Экономикалық өсу неден көрінеді? Экономикалық өсудің қарқыны қандай көрсетшіштердің көмегімен сипатталады. Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды. Басқаша айтқанда, ЖІӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған. Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру,өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы қайшылықты шешудің негізгі екі т үрі бар:Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы. Дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет