3.Экономикалық өсу қандай түрлерге бөлінеді? Экономикалық өсудің типтерге бөлінуіне сәйкес, өсудің тікелей факторлары негізгі екі топқа бөлінеді – экстенсивтік және интенсивтік. Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілін қолдану арқылы жүреді: жұмыскерлерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты, отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялары тұрақты болып саналады. Экономикалық өсудің интенсивтік типі керісінше сипатталады — өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен ж оғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың өзгеру қарқынынан артық болып отырады.