2019ж. «Этнопедагогика» пәні бойынша ОҚУ Әдістемелік кешені



бет2/9
Дата25.03.2020
өлшемі0,65 Mb.
#60709
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
этнопедагогика

3. Сынақ бірліктері жүйесінде жеке пәндерді оқытудың табыстылығы 100 баллдық шеңберінде анықталады. Ағымдағы бақылау, аралық бақылау және емтихан түрінде аралық аттестаттау нысанын болжайтын оқу жоспарының әрбір пәнін оқытудың табыстылығы: жіберу рейтингі 60% (оның ішінде 40% ағымдағы бақылау, 20% аралық бақылау) және емтихан 40%:




Аттестаттау нысаны және оқу жетістіктерін бақылау түрі

Белгісі

% құрамы

Жіберу рейтингі

Ағымды бақылау

АБ

40

Аралық бақылау

АБ

20

Емтихан рейтингі

Емтихан

Е

40

Қорытынды рейтинг




100%

3. Қорытынды рейтинг нәтижелері

ҚР= (АБ*0,4)+ (АБ*0,2)+(Э*0,4)

Қорытынды рейтинг нәтижелері кредиттік технология бойынша білім алушылардың білімінің қорытынды бағасының 100%-ын құрайды.

4. Баллдарды бөлу. Қорытынды бақылау емтихан түрінде өткізіледі және студенттердің білімін қорытынды бағалаудың 40 % құрайды.



Оқу жетістіктерін бағалау критерийлері. Білім берудің кредиттік технологиясының талаптарына сәйкес қорытынды бағаны анықтау кезінде бөлу талап етіледі:

40% - ағымды бақылау

20 % - аралық бақылау

40% - қорытынды емтихан.

Білімді бақылаудың балдық жүйесі кезінде студент семестр бойы максимальды жинай алады: 100 балл-100%

Аралық бақылау – 20 балл (қорытынды бағаның 20%).

Ағымдағы бақылау - 40 балл (қорытынды бағаның 40%). Ағымдағы бақылауды құрайтын балл саны

Қорытынды бақылау (емтихан) - 40 балл (қорытынды бағадан 40%)



Емтиханға жіберу үшін студент ағымдық бақылаудан 50% кем емес теруі тиіс

Студенттердің оқу жетістіктері кестеге сәйкес бағаланады.

ECTS (иситиэс) дәстүрлі бағалау шкаласына ауыстыра отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алуды бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі):


Әріптік жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент

Балдар (%- дық мазмұны)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Үздік

А-

3,67

90-94




В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84




В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64




D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0,24





1.10 Курс саясаты
1.Сабаққа кешікпеу.

2.Себепсіз сабақты босатпау.

3.Сабаққа іскерлік киімде келу керек.

4.Жіберілген сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта өтеу.

5.Оқу үдерісіне белсенді қатысу.

6.Сабақтарда қажетті құжаттар: силлабус, дәрістер, дәптерлер және оқулық болуы керек.

7.Сабақ барысында бөтен істермен айналыспау: сөйлеспеу, темекі шегуге,сағыз шайнамауға, тамақ ішпеу, ұялы телефонды пайдаланбау, музыка тыңдау, газеттер мен журналдарды оқу, басқа пән бойынша сабаққа дайындалмау.

8.Үй тапсырмаларын уақытында орындау.

9.Курстастарына және оқытушыларға шыдамды, ашық және мейірімді болу.

10.Ұқыптылық және міндетті болу.

11.Барлық сабақтарда кері байланысты конструктивті қолдау.

12.Ішкі тәртіп ережелерін орындау.



2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1 Күндізгі оқыту нысаны бойынша тақырыптық жоспары

Кредит саны-3


Тақырып аттары

Лекция

лар


Семинарлық сабақ

СОӨЖ

Этнопедагогиканың теориялық негіздері.

3

1

1

Педагогтардың ғылыми еңбектеріндегі халықтық тәрбие

3

1

1

Этнос түсінігі және оның пайда болу ерекшеліктері

3

1

1

Халықтық педагогикадағы жетілген тұлға идеалы.

3

1

1

Халықтық тәрбие құралдары және оның факторлары.

3

1

1

Этнопедагогиканың зерттеу пәні ретіндегі этностық тәрбиенің мәні.

3

1

1

Этнопедагогика бойынша зерттеулердің жіктелуі

3

1

1

Этномәдениет этнопедагогика негізі ретінде.

3

1

1

Жаһандану кезеңіндегі этномәдени білім.

3

2

5

Этнопедагогикалық тәрбие бағытындағы әрекеттің мазмұны мен сипаты.

3

3

2

Барлығы (сағат)

30

30

15



Сырттай оқу бөлімінің тақырыптық жоспары

Барлығы 2 кредит

Тақырып атауы

Лекциялар

Семинарлық сабақ

СОӨЖ

к

в

к

в

Этнопедагогиканың теориялық негіздері.

1




2




4

Педагогтардың ғылыми еңбектеріндегі халықтық тәрбие.

1




2




4

Этнос түсінігі және оның пайда болу ерекшеліктері

1




2




4

Халықтық педагогикадағы жетілген тұлға идеалы.

1




2




4

Халықтық тәрбие құралдары және оның факторлары.




1

2







Этнопедагогиканың зерттеу пәні ретіндегі этностық тәрбиенің мәні.




1

1







Этнопедагогика бойынша зерттеулердің жіктелуі




2

1







Этномәдениет этнопедагогика негізі ретінде.




1

2







Жаһандану кезеңіндегі этномәдени білім.




2

2







Этнопедагогикалық тәрбие бағытындағы әрекеттің мазмұны мен сипаты.




1

2




1

Барлығы (сағат)

12

18

1,5


2.2. Дәріс сабақтарының тезистері.

1 дәріс тақырыбы. Этнопедагогиканың теориялық негіздері.

Жоспар


  1. Этнопедагогиканың дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттары

  2. Этнопедагогика пәні: пәннің мақсаттары мен міндеттері.

  3. Этнопедагогиканың пәнаралық сипаты.

  4. Халықтық педагогика және этнопедагогика.

  5. Қазақ этнопедагогикасы: негіздері, қызметі, ұстанымдары, заңдылықтары.

  6. Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.

1. Этнопедагогиканың дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттары

Білім беру жүйесі мен қазіргі қоғамдағы өзгерістердің болуы кезінде оның әлеуметтік ішкі құрылымы ретінде екі тенденция анықталған: кеңестік және социалистік кеңістікке ғана емес, сонымен қатар Америка және Шығыс Европаның көптеген елдеріне тән, өзіндік “этникалық бумда” сипат алған интеграция және дифференциация (сұрыпталу). Мысалы, француз тілді Квебек Канададан өз егемендігін талап етеді, Турцияда курттардың өз тәуелсіздігі үшін күрестерінің шиеленісе түсуі және т.б.

Сондықтан болар, ғасырлар бойы жинақталған халықтың тәлім-тәрбиелік тәжірибесін оқыту қажеттігі қазіргі күнде тек көптеген педагог-практиктер мен педагог-ғалымдармен ғана емес, сонымен қатар ата-ана қауымдастықтарымен мойындалып, маңыздылығы айқындалып отыр.

Халықтың өзінің тарихи даму жолында тәрбие туралы түсініктері мен көзқарастары қалыптасты. Тәрбие мен оқытуға халықтық көзқарастың негізінің пайда болуы дінге, магияға, әдет-ғұрыпқа байланысты емес, ол сол халықтың өмір сүру тәжірибесі мен өндірістік еңбек ету іс-әрекетіне байланысты.

Егер тәрбиеге деген халықтық көзқарас пен ұлы ойшылдардың шығармашылықтарын салыстыра отырып талдау жасайтын болсақ, халықтық педагогика проблемаларын ғылыми тұрғыда зерттеу тарихнамасы тәрбиенің халықтық тәжірибесін тарихи-әлеуметтік феномен ретінде зерттеу түрлі кезеңдегі , яғни өткен мен қазіргі педагогтар мен ойшылдардың ғылыми қызығушылықтары болғандығын дәлелдей түседі.

Чехтың ұлы педагогы Я.А Коменский отбасы тәрбиесінің тәжірибесіне сүйене отырып өзінің «Ана мектебі» идеясының негізін қалады. Ұлы швейцария педагогы Г.Песталоции швейцария халық педагогикасының тәжірибесін топшылай отырып өзінің «Аналарға арналған кітап» деген еңбегін жазды. Ол отбасында басталған табиғилық тәрбие өзінің жалғасын мектепте табуы тиіс деді. Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский халықтық педагогиканың тәрбиелік потенциалын жоғары бағалады. «Халықтық бастауға және сол халықтың өзі жасаған тәрбиенің күші зор» деп жазады

А.С. Макаренко өзінің көпжылдық тәжірибесінде мынаны тұжырымдайды: «педагогика адамдардың шапшаң жұмыстарынан, шынайы ұжымның реакциясы мен еңбек әрекетінен туындайды. Яғни отбасындағы еңбекке баулу адамның болашақта дамуына үлкен әсерін тигізеді».

Қазақстандағы этнопедагогиканың жандануы Қалиев С.Қ., Жарықбаев Қ.Ж., Ұзақбаева С.А., Қожахметова К.Ж, және т.б. ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Қазақстанда этнопедагогиканың жалпы теориялық негізімен қатар, оның әдіснамасы да өңделген. Этнопедагогикалық мәдениетке заманауи көзқарас, тәрбиенің көпғасырлық тәжірибесін отандық ғалымдардың зерттеуі тәрбие үрдісінің теориялық негізін өңдеудің маңыздылығын болжауға мүмкіндік береді. Сондықтан да этнопедагогиканың қалыптасуы мен пайда болуының тарихи-педагогикалық алғышарттары болып:



  • кеңес империясының құлауымен пайда болған қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-саяси және тарихи-экономикалық өзгерістер;

  • өзгеріс еңген кезеңдегі коммунистік тәрбие идеясы мен кеңес педагогикасының негізгі доктриналарының әлсіздігі;

  • тәрбиенің көпғасырлық тәжірибесін қолданудың қажеттілігін мойындау;

  • өткенді зерделеу және этникалық түп төркінге үңілу үрдісіндегі тарихи өткеніміздің педагогикалық тәжірибесін қайта бағалап, жан-жақты қарастырудың маңыздылығын ұғыну;

  • тәрбие үрдісінің теориялық негізін тереңдете өңдеуде және оның оң нәтижелілігін жетілдіруде ғылым мен педагогикалық тәжірибенің аса қажеттілігі табылады.

2. Этнопедагогика пәні: пәннің мақсаттары мен міндеттері.

К.Ж.Кожахметова компонентті құрылымы бойынша этнопедагогиканы білім беру жүйесі мен отбасының барлық өмірінде үздіксіз жүзеге асырылатын негізгі пәні этникалық тәрбие болып табылатын, этнография, этнопсихология, этнология, этномәдениет және этнографияның тоғысуы мен педагогика аясында қалыптасқан педагогика ғылымының құрамдас бір бөлігі және білімдер жүйесінің интегративті саласы деп қарастырады. Этнопедагогика – педагогика ғылымының құрамдас бөлігі бола отырып, сол ғылымның бөліктерін қамтитын дербес ғылым ретінде қарастырылады. Осыған орай этнопедагогика компоненттерінің логикалық құрылымын айқындау үшін оның мақсаты мен міндетін, обьектісі мен пәнін, қызметі мен әдістерін, категориялары мен заңдарын, заңдылықтары мен теориясының құрылымдық - қисындық тұрғыдан қарастыруды қолданамыз.



Этнопедагогика – этнография, этнопсихология, энофиолософия, этникалық мәдениеттану тоғысуында қалыптасқан педагогика ғылымының құрамдас бөлігі.

Этнопедагиканың педагогикалық ұғымдар және адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орнын нақтылауда, оның «категориялық жүйесін» анықтау маңызды әдістемелік бағыт. “Обьект” (Нысана) ұғымы ғылымның категориялық жүйесінің негізгі ұғымы болып табылады. Ғылыми пәннің нысанасы – бұл ғылымның субьектісінің танымдық, зерттеу әрекеттерінде бір-біріне әсер ететін, обективті заттар мен құбылыстар. Осыдан нысана – субьекті мен обьективті шындық өзара әсерінен пайда болған “жемісі” ретінде қарастырылып және ол субьектіден тыс өмір сүре алмайды. Этнопедагогика ғылымы үшін нысана – дамушы этнопедагогикалық болмыс. Ол дегеніміз – этнопедагоика, этнопедагогикалық зерттеулер, ұлттық және дәстүрлі тұрмыстық мәдениет, этнопедагогикалық мәдениет, қазақ халқының этнопедагогикалық мәдениеті, мектеп пен отбасындағы этнопедагогикалық үрдіс.



Ғылым пәні – оның пәндік – мазмұндық жағын және тарихи пәндік шекарасын, яғни ғылымның пайда болуы, қалыптасуы, дамуы және т.б. көрсетуге мүмкіндік береді. Кез-келген ғылымның пәні сан қырлы, көп акпектілі, сондықтан ол белгілі дәрежеде зерттелінуі және және бүтіндей көрсетілуі керек.

Этнопедагогиканың зерттеу пәні – білім беру мекемелерінде, отбасында өмір бойы үздіксіз жүзеге асырылатын этникалық тәрбие жүйесі болып табылады.

Мақсаты мен міндеттері:

- Этнопедагогика әдіснамасы: этнопедагогиканың «таным туралы білімін», зерттеу әдістерін, қағидаларын айқындау; этнопедагогика мен халықтық педагогиканың, этнопедагогика мен әлеуметтік педагогиканың байланысы; этнопедагогиканың құрылымдық компонентінің құрамын айқындау; әдіснамалық белгісін айқындау; зерттеу бағдарламаларын дайындау.

- Этнопедагогика теориясы: этнопедагогиканың «білім туралы білімін» айқындау, этнопедагогиканың педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны; этнопедагогиканың ұғымдық-терминологиялық жүйесін зерттеу; тәрбиені этноәлеуметтік тұрғыдан қарастыру мәнін айқындау; ұлттық мінез, сана-сезім қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу.

- Практика: этнос субьектісін біртұтас био-әлеуметтік жүйе ретінде тәрбиелеу; балаларда елжандылық, ұлтжандылық, өз халқы мен Отанына шын берілгендік, сүіспеншілік сезімін тәрбиелеу; туған тіліне ұлттық мәдениет пен тарихқа, салт-дәстүрге, өз халқының материалдық және рухани мәдениет құндылықтарына деген сүйіспеншілік сезімін дарыту; этноэтика нормалары мен этноәлеуметтік рөлдерге тарту; барлық халыққа достық қарым-қатынасын тәрбиелеу, олардың мәдениет туралы білімін кеңейту.

Қызметі: этникалық педагогика тарихи жағдайлардың әсерімен, тәрбиенің ұлттық жүйесінің арқасында сақталған ұлттық мінез- құлықтың ерекшеліктерін зерттейді; ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған құнды педагогикалық байлығымызды насихаттау; халықтық педагогикалық салт-дәтүрлердің сақталу себебін анықтау және қазіргі қоғамның рухани өміріне ену механизмін анықтау; үлкен және кіші мөлшердегі халықтардың тәрбиелік ерекшелігін түбегейлі зерттеу

Әдістер: этнографиялық, бірақ педагогикалық обьектіні зерттеуге бағытталған әрі педагогикалық мазмұнға толы және басқа да ерекше педагогикалық әдістермен өзара бірлестікте.

Принциптері: шынайылық, қисындылық, кешенділік, біртұтастық, жүйелілік, биологиялық және әлеуметтік антропологизм бірлігі, мәдени сәйкестік, табиғи сәйкестік, жас және дербесерекшеліктерінің ұстанымдары

Заңдары: материалистік диалектика заңдары: теріске шығару, саннан сапаға өту, қарама-қайшылықтың күресі мен бірлігі;

Категориялары: халықтық педагогика, халықтық педагогикалық шығармашылық, халықтық педагогиканың негіздері, балалар ортасы халықтық тәрбиенің факторы ретінде, тәрбиенің халықтық құбылысы, халықтың педагогикалық мәдениеті, халықтық тәрбиенің ерекшеліктері: мирасқорлық, табиғилық, синкритизм, бұқарашылдық, этнопедагогика, этнопедагогикалық тәсіл, этнопедагогиканың объектісі, этнопедагогиканың пәні

Заңдылықтар: жалпы педагогикалық заңдылықтар

Құрылымдық - қисындық тұрғыдан қарастырудың мақсаты кез-келген білімнің ғылыми жүйесінің статусын зерттеуді көздегендіктен, бұл талдау этнопедагогиканы педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде, оның ғылыми статусын айқындайтын негізгі компоненттерін ашып көрсетеді.



3. Этнопедагогиканың пәнаралық сипаты.

Этнопедагогика педагогикалық білімдердің интегративті саласы болғандықтан, ол педагогикамен, этнографиямен, этнопсихологиямен, этнофилософиямен, этномәдениетпен және т.б. ғылыми педагогика түрлерімен тығыз байланысты.



Этнология мен этнопедагогиканың арасындағы нысан бойынша байланыс – этностық тіршілік әрекеті. Этнологияның зерттеу пәні – этнос теоряиыс болса, этнопедагогика үшін – этнос теориясы этнопедагогиканың этникалық мәнін анықтайтын терминологиялық аппараттың негізі.

Этномәдениет пен этнопедагогика арасындағы байланыс. Этнопедагогика – халықтың рухани мәдениетінің тұрақты бөлігі, демек этнопедагогиканың мазмұны, оның құралдары этномәдениетпен айқындалады.

Этнопедагогика мен этнософия арасындағы байланыс. Этнопедагогиканың мазмұны халық даналығын, оны сусындатып отыратын халық білімін де қамтиды.

Этнопедагогика мен этнопсихология арасындағы байланыс. Ол –зерттелетін мәселелер бойынша байланыс, яғни ұлттық сана-сезім, ұлттық мінез, ұлттық сезім қалыптасуы.

Этнопедагогика мен этнофилософия арасындағы байланыс. Этнофилософия – дүнетаным. Осы мағынасында ол этнопедагогика мазмұнының дүниетанымдық бағытын қалыптастыруға ықпал етеді.

Осы айтылған пәндердің арасындағы байланыстардың тамыры тереңде жатыр, бұл – бір нысан шеңберіндегі, яғни кірігу деңгейіндегі байланыс. Сонымен этнопедагогика мен педагогиканың құрамдас бөліктерін зерттеу барысында педагогика, этнопедагогика, қазақ этнопедагогикасы бір-бірімен: ортақ, ерекше, бірегей қатынаста болады.

Демек, осы ғылымдар өзара бір-бірімен қиылысып, түп негізі педагогика болып табылатын жаңа білім саласы этнопедагогиканы қалыптастырады.

Жоғарыда айтылғандар бізге этнопедагогиканың анықтамасын беруге, нысанын айқындауға, сол сияқты басқа салалардан алынған (этнос теориясынан, қазақ философиясынан, этнопсихологиядан, мәдениет теориясынан) этнопедагогикалық ұғымдардан тұратын ұғымдық-терминологиялық жүйесін нақтылауға мүмкіндік туғызды.

Этнопедагогиканың өзіне тән және басқа ғылымдардан қабылдаған ұғымдары, терминдары, категориялары бар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет