2019ж. «Этнопедагогика» пәні бойынша ОҚУ Әдістемелік кешені



бет6/9
Дата25.03.2020
өлшемі0,65 Mb.
#60709
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
этнопедагогика


Қолданбалы зерттеулер білім мазмұны, оқыту мен тәрбиенің әдістерінің ерекшеліктерімен байланысты жекеленген теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешеді. Қолданбалы зеттеулердің пәні тәжірибелік нәтижеге бағытталған.

    1. Этнопедагогикалық зерттеу әдістері

Этнопедагогиканың жаңа білім саласы ретінде өзіндік таным әдістері бар: педагогиканың халықтық дәстүрлермен өзара байланысы мен өзара әрекетін ғылыми сараптау; нақты педагогикалық тәжірибелерді жалпылау; педагогикалық жетістіктерді салыстырмалы сараптау;

Этнопедагогика педагогикалық пәндердің бірі болғандықтан, өз зерттеулерінде дәстүрлі педагогикалық әдістерді, сондай-ақ оның пәндік ерекшеліктерін ескеретін әдістерді қолданады.



Ғылыми этнопедагогикалық зерттеу әдістері – этнопедагогикалық үрдістегі тәуелділіктерді, қатынастар мен заңдылықтарды бекіту үшін қажетті ақпараттарды алу тәсілдері.

Жалпы ғылыми әдістер:

  • Талдау

  • Жинақтау

  • Дедукция

  • Индукция

  • Ұқсастық

  • Мұраттылық

  • Салыстыру

  • Бақылау

  • Сараптау

  • Өлшеу

  • Үлгілеу

Пәндік әдіс -тәсілдер жиынтығы:

  • Жүйелі

  • Кешенді

  • Біртұтас

  • Этнопедагогикалық

  • Мәдени

  • Әлеуметтік

  • Этнографиялық




    1. Этнопедагогика саласындағы ғылыми зерттеулер

Зерттеушінің аты-жөні

Зерттеу тақырыбы

Балтабаев М.Х.

Основы музыкально-эстетического воспитания учащейся молодежи средсвами казахской традиционной художественной культуры

(п.ғ.д. ғылыми атағын ізденуге)



Балтабаев М.Х.

Народно-музыкальное творчество казахов как средство эстетического воспитани я студенческой молодежи

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Ұзақбаева С.А.

Эстетическое воспитание в казахской народной педагогике

(п.ғ.д. ғылыми атағын ізденуге)



Акпарова Ж.М.

Формирование интересов к казахскому народному музыкальному творчеству детей старшего дошкольного возраста

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Қышқашбев Т.Ә

Қазақ халық аспаптық музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларына музыкалық эстетикалық тәрбие беру.

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Қозыбаев Е.Ш.

Формироавние эстетической культуры старшеклассников средствами казахского музыкального фольклора

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Дюсембинова Р.К.

Музыкально-эстетическое воспитание школьников средствами казахского народного песенного творчества

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Левченко Т.А.

Научно-практические основы использования казахского народного декоративно-прикладного искусства в эстетическом воспитании детей старшего дошкольного возраста

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Жолдасбекова С.А.

Бастауыш клас оқушыларының сәндік қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Әбдіғапарова Ұ.М.

Оқушыларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ою-өрнек өнерін пайдалануға студенттерді даярлау

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Асанова Ұ

Қазақ халқының айтыс өнері арқылы оқушыларға адамгершілік эстетикалық тәрбие беру

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Дайрабаева А.Е.

Нравстенное воспитание девушек в казахской народной педагогике

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Сакенов Ж

Использование народной традиций в подготовке старшекласников к семейной жизни

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Мұқанова Б.Ж.

Қазақ этнопедагогикасы материалдарын педколледждердің оқу-тәрбие процесінде пайдалану

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Әмірова Ә.С.

Ересектер тобындағы балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу (5-6жас)

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Төлеубекова Р.К.

Бастауыш класс оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтың педагогикалық озық дәстүрлерін пайдалану

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Сәдірмекова Ж.Б.

Жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Кисымова А.К.

Қазақтың халық педагогикасы арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Оршыбеков И

Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығындағы адамгершілік тәрбиесінің идеялары

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Сарыбеков Қ

Қазақтың табиғат қорғау дәстүрлерінің тарихы мен тәрбиелік мәні

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Хасанова Ж.С.

Подготовка воспитателей к использованию казахской народной педагогики в нравственном воспитании дошкольников

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Сатқанов О.С.

Пути совершенствования трудового обучения ч использованием средств декоративно-прикладного искусства в начальных казахской школы

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Альмухамбетов Б.А.

Эстетическое воспитание учащихся IV-VII классов средствами нацинального изобразительного искусства

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Болатбаев К.К.

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау процесінде халықтық педагогиканы қолдану

Тойлыбаев Б.А.

Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогои ка элементтерін өолдану

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Қалиева С.К

Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми педагогикалық негіздері

(п.ғ.д. ғылыми атағын ізденуге)



Қоңыратбаева Т.Ә.

Халық педагогикасы және оны оқу тәрбие ісіне ендіру жолдары

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Иманбеков Т

Қазақ балабакшаларындағы оқу-тәрбие жұмыстарында ұлттық ойындарды қолдану

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Наурызбай Ж.Ж.

Научно-педагогические основы этнокультурного образования школьников

(п.ғ.д. ғылыми атағын ізденуге)



Қожахметова К.Ж.

Теоретико –методологические основы казахской этнопедагогики

(п.ғ.д. ғылыми атағын ізденуге)



Әбілдина С.К.

Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуге болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Албытова Н

Қазақ балалар фольклоры арқылы бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Аманжолова А А.

Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-жыныстық тәрбиесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға болашақ мұғалімдерді даярлау

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Қоқымбаева Т.И.

Халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту.

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Ембергенова Ж

Жастарды салауатты өмір салтына халықтық педагогика құндылықтары негізінде ұрпақ сабақтастығымен ұштастыра тәрбиелеу

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Көшеров Н.М.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін этнопедагогикалық дайындау жүйесі

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Оразбекова К.А.

Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері

(п.ғ.д. ғылыми атағын ізденуге)



Дюсембинова Р.Қ

Қазақ этнопедагогикасын оқу-тәрбие процесіне ендірудің ғылыми-педагогикалық негіздері

(п.ғ.д. ғылыми атағын ізденуге)



Сырымбетова Л.С.

Особенности казахской женской гимназии как национальной воспитательной системы

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Жетписбаева Б.А.

Этнопедагогические основы содержания воспитания в школах Казахстана и германии (сравнительный аспект)

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Қасенов С.К

Қазақ этнопедагогикасы арқылы оқушылар дүниетанымын қалыптастыру

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Бөлеев К.

Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы

(п.ғ.д. ғылыми атағын ізденуге)



Ғаббасов С

Халық педагогикасының теориялық және методологиялық негіздері

(п.ғ.д. ғылыми атағын ізденуге)



Мұхтарова Ш.М.

Формирование национального самосознания студентов в учебном воспитательном процессе ВУЗА

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Абильдина С.К.

Қазақстанда этномәдени білім берудің дамуы мен қалыптасуы

(п.ғ.д. ғылыми атағын ізденуге)



Бөрібекова Ф

Мектептегі оқу-тәрбие процесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға мұғалімдерге әдістемелік даярлау

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Қойбағарова Б.Х.

Оқушылдарға қазақ халқының дәстүрлері арқылы экологиялық білім беру мен тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді даярлау

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Тілеужанова Г.К.

Формирование субьекта этнокульуры в условиях высшей школы

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Сарбасова К.А.

Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидың, М.Қашқаридың тәлім-тәрбиелік идеялары

Шаушекова Б.К.

Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Аубакирова К.Ф.

Педагогические условия формирования этнопедагогической компетентности будущих учителей

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Шаяхметова М.Н.

Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру

(п.ғ.к. ғылыми атағын ізденуге)



Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14.
8 дәріс тақырыбы. Этномәдениет этнопедагогика негізі ретінде.

Жоспар


  1. Этникалық мәдениет және білім.

  2. Этносаралық толеранттылық

      1. Этникалық мәдениет және білім.

«Этномәдениет» сөзінің этимологиясын екіге бөліп қарастырамыз. «Этнос» - тарихи қалыптасқан этникалық қауымдастық - тайпа, халық, ұлт. «Этно» күрделі сөздің бірінші бөлігі мағынасы халыққа байланысты: этногеография, этнодемография, этномәдениет, этнолингвистика, этнопедагогика, этнотілдік, этноәлеуметтік, этномінез - құлық айқындалады. Этномәдениет - этнографияның құрамдас бөлігі болып табылады. Этнография - белгілі бір халықтың этногенезін, заттық, рухани мәдениетін, тұрмыс - салт, әдет - ғұрып ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Екінші компоненті «мәдениет» араб тіліндегі «мудун» сөзі біздің түсінігіміздегі «қала» мағынасын берсе, «медэни» - «қала тұрғыны» деген ұғымды меңзейді. Осыдан «мәдениет» деген сөз пайда болған. Мәдениет орта ғасырлық мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Қазақтар ХХ ғасырға дейін «мәдениет» сөзін қолданбады. Бірақ, «мәдениет» терминінің орнына әдет - ғұрып нормаларының ережесі ретіндегі көрсеткіші болып табылатын басқа синонимдер қолданылды. Мысалы: Өлгеніңше өзіңді тәрбиелеп бағайын (Қамбар батыр, 339). Тәрбие, әдет-ғұрып (Ш. Уәлиханов), дәстүр (Ы. Алтынсарин), хикмет, ғибадат, иман, ғылым сөздерін (А.Құнанбаев) пайдаланған.

Мәдениет туралы анықтамаларды былайша жүйелеуге болады:



  • «Мәдениет дегеніміз – тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағыттаушы және жүзеге асырушы әмбебап механизмі (В.Момов, А.Здравомыслов, А.Ядов, О.Дробинцкий және т.б);

  • заттық және рухани құндылықтардың жиынтығы (В.Тугаринов, Ю.Ефимов, И.Громаов, А.Арнольдов, Н.Чавчавадзе және т.б);

  • іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі (М.Коган, В.Давыдович, Ю.Жданов, О.Хванова және т.б.);

  • қоғамның әртүрлі әлеуметтік және рухани саласында тұлғаның өзін-өзі шығармашылықпен жетілдіру әдісі (В.Библер, Н.Злобин, А.Леонтьев, И.Ильяева және т.б.);

  • адамның табиғи биологиялық табиғаты, ондағы рухани бастаманың дамуын асқақтату дәрежесі (В.Розов, Д.Лихачев және т.б.).

  • Ал Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Мәдениет – адамдардың өмірі мен іс-әрекетінен олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі бір тарихи даму дәрежесі» деген анықтама орын алған;

  • Мәдениет ұғымына ғылыми тұрғыда нақты түсінікті Ю.Л. Ожегов берген. Ол «мәдениет – әлеуметтік құндылықтарды игеру мен дамытудағы адамдардың шығармашылық қызметінің тәсілі мен нәтижесі, ол арқылы қоғам мен жеке адамның біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі» дейді. Бұл жағдайда мәдениет өндірістік, саяси және т.б. қызметтің ерекше түрі ретінде қарастырылмайды, олардың кез келгенінің сапалық көрінісі ретінде қарастырылады;

  • Философиялық сөздікте мәдениет – адамзаттың болмыс пен санасының барлық салаларындағы әлеуметтік прогрестік шығармашылық қызметі, бұл қызмет «адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға бағытталған, адамның барлық іс-әрекетін біріктіретін әлеуметтік өмір тәсілі. Мәдениет әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту үшін адам қолданылатын формалардың эволюциясын дәлелдеуде айқындалады, ал формалары дәстүрлер мен инновацияның жиынтығы».

Жоғарыда айтылғанның бәрі «мәдениет» ұғымы аясының кең әрі күрделі екендігін көрсетеді. Егер, оны кең көлемде қарастырсақ, онда қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруда адамның қолымен жасалған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы қалыптасқанын байқаймыз. Мұндай түсінік Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңында да кездеседі. Онда «Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы» - деп түсіндіріледі. Материалдық мәдениетте адамдардың өндірістік қызметінің барлық салалары қамтылады: өндіріс, өндіріс құрал-жабдықтары, өндіріс тауарлары, сәулет өнерінің мұралары, тұрмысқа қажетті бұйымдар және т.б. Ал, рухани мәдениетте – тіл, ғылым, білім, өнер, әдебиет, дін, салт-дәстүрлер, мерекелер, ауызекі шығармалары және т.б. құндылықтар ретінде қарастырылады. Мәдениет қандай түр алса да, ол адамдық құндылықта болады. Өйткені мәдениет қоғаммен диалектикалық байланыста болғанымен, ол тек адамға ғана тән қасиет. Әйтсе де «мәдениет» ұғымына осылайша анықтама беру, сыңаржақтылық сипатқа ие болуы да мүмкін. Өйткені мәдениет туралы айтқанда оған ешбір өзгеріске түспейтін, ешбір ықпалға берілмейтін нәрсе деп қарауға болмайды.

Этномәдениет мәселесі ерте заманнан түрлі ғылым өкілдерінің қызығушылығын тудырған.

Этникалық мәдениет – мәдениеттің базасы және құрамдас бөлігі, ол белгілі бір қызмет атқарады және өзіне тән мазмұндық компоненттері бар.

Этномәдениет ел тарихының ажырамас бөлігі, ол да халық тағдыры туралы сыр шертеді. Бұл туралы М.Әуезов этникалық мәдениеттің даму процесінде жалғастықтың маңызды рөл атқаратындығына және объективті заңдылық екендігіне тоқталады. Оның ойынша, жалғастық ескіні механикалық түрде қабылдау емес, керісінше, оны сын көзбен талдап, творчестволық жолмен пайдалану. Олай болса, рухани, этномәдениеттің дамуындағы жалғастық екі нәрсені қамтиды: біріншіден, бұрынғы ата-бабалардан қалған мұраны иемдену мен пайдалану, екіншіден, оларға сын көзбен қарап, қажеттілерін шығармашылықпен өңдеп, өмір кәдесіне жарату.

М.Әуезов этномәдениет мәселелерін түсіндіруде халықтың ауыз әдебиетіне баса назар аударуы тегін емес. Халық ауыз әдебиетінен тарихи оқиғаны, өмір, табиғат, кәсіп туралы халықтық тәжірибені, этнографиялық суреттеулерді молынан кездестіруге болады. Ол түсініктер ғылымға негізделмесе де, халық сол ұғымдардан рухани азық алып, өмір тәжірибесін молайту, шаруашылық әдет-ғұрып, салт-сана, өнер-білім жайындағы түсініктердің жиынтығы деуге де болады

Этнопедагогикалық мәдениет – этнопедагогикалық білім, адам қарым-қатынасының үлгі-өнегесі және технологиясы.

Мәдениет арқылы этностың тарихи, мекендік, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, этнографиялық болмыс бейнесі көрініс табады және кез-келген мәдениетті қоғам осы талаптардың мүлтіксіз жүзеге асу тетіктерін заң жүзінде қамтамасыз етуі керек;

Мәдениет өндіріс пен қоғамдық сананың, білім мен тәрбиенің, ғылым мен өнердің белгілі сатыдағы даму дәрежесін бейнелейді;

Педагогикалық мәдениет адам қызметінің тәсілі мен нәтижесі арқылы көрініс табады.

Этномәдени тәрбиесі адамдардың бойына ізгілікті қабілет сеуіп, әртүрлі халықтардың мәдени сәйкестілігін аңғару, сақтау мәдениетін арттыруға септігін тигізеді.



Этникалық мәдениет – халықтар мәдениетінің жиынтығы, күнделікті өмірлік іс-әрекетіне қатыстылығын (Қазақ елінің табиғатқа ыңғайланып, онымен үйлесімдікті өмір сүруі, оны қорғауы) іске асыратын нысан.

Әр ұлттың мәдениеті оның жеріне, географиясына, ортасына, әлеуметіне, дәстүріне, қоғамына, өзіндік сана-сезім өрістеріне қатысты дамиды. Қазақ халқының мәдениеті өзінің кәсібі мен шаруашылығының заңдылықтарына қарай өркендеп келеді.

Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі ретінде күннен-күнге, жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға сабақтасып келеді.

Бірақ, ол өзінің барлық көлемі мен ауқымын өзгертіп, қоғам өзгерістеріне қарай бейімделіп, екшеліп, сұрыпталып отырады.



      1. Этносаралық толеранттылық

1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 5.61 қаулысымен бекітілген «Толеранттылық принциптері декларациясында» келесі анықтама ұсынылады: «Толеранттылық – біздің әлемнің өте бай мәдени көптектілігін, біздің өзіндік анықталу формаларымыз бен даралығымызды көрсету тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және түсіну. Оған ашықтық, білімділік, қарым-қатынас, ой, ар-ұят еркіндігі әсер етеді. Толеранттылық – бұл біреуге орын беру, мойынсұну емес».

Толеранттылық – әлемнің өте бай мәдени көптектілігін, өзіндік анықталу формалары мен даралықты көрсету тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және түсіну.

Этникалық толеранттылық – басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін принципті түрде қабылдай алу.

Толеранттылықты тәрбиелеу жолдарын қарастыру мәселелері әртүрлі заң шығарушы, атқарушы органдар, дін басылар, дін өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары, университеттер және мектептер жүйелі түрде талқылауда.

Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйымдастыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Ұлттық бірлік доктринасы этносаралық келісімді айқындап, қазақстандық біртектілікті одан әрі қалыптастырудың өзекті құжаттарының бірі болып табылады. Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен, біздің жалпы тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені бірліксіз - Ұлт жоқ. Ұлтсыз - мемлекет жоқ. Ал, мемлекетсіз - болашақ жоқ. Ол үш сауалға нақты жауап береді. Біріншіден, еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың өкілдері, діни наным-сеніміне қарамастан, бір атаның баласындай бірлігі жарасқан болуы керек, екіншіден, қауіпсіздігіміз берік болуы тиіс. Ал үшінші — ұлттық құндылықтарымызды қадірлей отырып, қиындықтарға қарамастан бірлік пен келісімді одан әрі нығайтып, болашаққа бірге қадам жасау. Осы Доктрина халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениеттер және өркениеттер сұхбатын дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болады.

Білім беру мазмұны адамдардың нәсілі мен ұлтынан, мәдени және конфессиональдық белгілерінен тәуелсіз олардың арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа, тұлғаның жалпыадамзаттық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет