«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕоқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері



бет136/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

4ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕоқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Ауылдық шағын жинақты мектептер мен тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) қызметі осы әдістемелік-нұсқау хатқа, тірек мектептердің (ресурс орталығының) қызметі туралы ережеге және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

Тірек мектеп (ресурстық орталық) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және ҚР БҒМ 05.06.2020 жылғы № 231 бұйрығымен бекітілген оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес жалпы білім беретін мектеп базасында облыстық білім басқармасының қаулысымен құрылады.

Магниттік мектептер тірек мектепке (ресурстық орталыққа) облыстық білім беру басқармасы бұйрығымен бекітіледі.

ШЖМ-де оқу-тәрбие процесі біріктірілген немесе дербес сыныптардағы білім алушылардың әртүрлі жастағы оқуын ескере отырып қамтамасыз етіледі.

Шағын жинақталған мектепте әртүрлі жастағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде 1, 2 жас айырмашылығын ескере отырып, екі немесе үш сыныпты біріктіруге жол беріледі. Сыныптарды біріктіру кезінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың жылжымалы кестесі қолданылады.

Тірек мектеп пен магниттік ШЖМ оқу қызметін РО мен магниттік мектептердің бірлескен педагогикалық кеңесінде бекітілген бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырады.

Магниттік мектептердің 5-11-сынып білім алушылары үшін инвариантты компоненттің оқу пәндерін оқыту арқылы оқу сессияларын өткізуді (қазанның бастапқы онкүндігі (10 күн), аралық – ақпанның бірінші онкүндігі (10 күн), қорытынды – сәуірдің үшінші онкүндігі (10 күн)), сессияаралық кезеңде магниттік мектептердің білім алушыларын сүйемелдеуді қамтиды.

8-11 – сыныптардың білім алушылары үшін тірек мектептер базасында оқу сессияларын өткізу міндетті болып табылады, ал 5-7-сыныптар үшін білім беру ұйымының қалауы бойынша өткізеді.

Сессия кезеңінде тірек мектеп (ресурстық орталық) қосымша білім беру орталығы және толық күндік мектеп ретінде жұмыс істейді.

Магниттік мектептердің білім алушылары үшін оқу сессияларын өткізу кезінде облыстық білім басқармасының тиісті бұйрығымен ресімделетін ШЖМ білім алушыларын тасымалдауға, тамақтандыруға, тұруға, қосымша білім алуға қаражат көзделеді.

Сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық қызметі ШЖМ-де тірек мектептің (ресурстық орталық) пән мұғалімдерінің қашықтықтан қолдауымен өтеді.

ШЖМ білім алушыларының оқу сессиялары әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен байланысты, оның ішінде халықтың ауруларының алдын алу және емдеу, санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар кезеңінде және қолайсыз ауа райы метеожағдайлары кезеңінде қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.



Аудандық/қалалық білім бөлімдері оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді. Аудандық/ қалалық әдістемелік кабинеттер тірек мектептердің бейіндік бағытын ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды әзірлеуге, оқытудың жеке бағдарламаларын жасауға, қашықтықтан оқыту нысандарының мазмұнына, оқыту әдістеріне және арнайы курстарға көмектеседі.

2021-2022 оқу жылында менеджмент, педагогикалық қолдау, оқу-әдістемелік мазмұн және табысты тәжірибені тарату мәселелерінде нәтижелілігі төмен мектептерге күшті мектептердің «қамқорлығын» ұйымдастыруы қажет.

Шағын жинақталған мектептерде оқыту сапасын қолдау және арттыру үшін «Мобильді мұғалім» және «Уақытша отбасы» жобалары маңызды шара болады.

Шағын жинақталған мектептерде жобаларды іске асыруға қойылатын талаптар

«Мобильді мұғалім» жобасы қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы инвариантты компоненттің сұранысқа ие оқу пәндері бойынша шағын жинақты мектептер базасында жүзеге асырылады.



«Мобильді мұғалім» – бірнеше елді мекендердің шағын жинақты мектептерінде бірнеше мектеппен қатар жұмыс жасау сипатындағы педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагог.

«Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогтыңмақсаты ШЖМ білім алушыларының сапалы білім беру қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету.

«Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогтың негізгі міндеттері:

1) ШЖМ білім алушыларын оқыту сапасын арттыру;

2) ШЖМ-ді білікті педагог кадрлармен қамтамасыз ету.

«Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогтыңқызметі облыстық білім басқармаларының бұйрығы мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген әдістемелік ұсынымдар негізінде жүзеге асырылады.

«Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогкеқойылатын талаптар: жоғары білім; педагогикалық стаж – кемінде үш жыл; оқу пәні және сабақтан тыс қызмет бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерінің жоғары нәтижелері.

Жобаға қатысушылардың функциялары:

1) «Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогтыңнегізгі қызмет мектебі педагогтің жұмыс кестесін ескере отырып, икемді кесте жасайды және оның қызметін бақылауды жүзеге асырады;

2) «Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагог ШЖМ әкімшілігімен бірлесіп қозғалыс маршрутын жасайды, сабақ кестесін келіседі, оқу бағдарламасына сәйкес оқу процесін жүзеге асырады;

3) ШЖМ сабақ кестесін жасайды, сабақтарды кедергісіз өткізуге жағдай жасайды;

4) қашықтан оқыту қажет болған жағдайда білім алушыларды компьютерлермен және әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге ықпал етеді, «Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогтыңқызметін және оқыту сапасын бақылауды жүзеге асырады.

Осы елді мекенде «Мобильді мұғалім» жобасы:

1) ауданның шағын жинақталған мектептерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету қажеттілігінің болуы;

2) білім беру ұйымы басшыларының жобаға қатысуға келісімі;

3) жобаға қатысуға кемінде үш пән мұғалімінің келісімі.

Бірнеше елді мекендердің шағын жинақталған мектептерінде және мектептерде жол жүру сипатындағы педагогикалық қызметті жүзеге асырғысы келетін педагогтер арасында шарт жасалады.

Педагогтің жолақысы мен жалақысына ақшалай қаражат төлеуді ауданның жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

«Уақытша отбасы» қызметі облыстық білім басқармаларының бұйрығы мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген «Уақытша отбасы» пилоттық жобасын енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар негізінде жүзеге асырылады (nao.kz сайтында қол жетімді).

«Уақытша Отбасы» – шағын елді мекендерден білім беру процесі кезеңіне (бір оқу жылына) мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуге уақытша қабылдайтын отбасы.

«Уақытша отбасы» – баланың (балалардың) ата-аналары болып табылмайды, жауапкершілік ата-анаға жүктеледі; отбасына тәрбиелеуге берілген балаға (балаларға) олардың жазбаша келісімімен қамқорлық жасайтын және оларды тәрбиелейтін адам (адамдар).

Орталықтандырылған басқаруы бар серіктес мектептер қызметінің мақсаты – сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету.



Серіктес мектептердің негізгі міндеттері:

1) әдістемелік жұмысты күшейту;

2) қалалық және ауылдық педагогтер мен білім алушылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту;

3) ауыл мектептеріндегі білім алушылардың оқуға ынтасын және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;

4) қалалық және ауылдық мектептердің тиімді өзара іс-қимыл жүйесін құру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет