«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі», «Русский язык», «Әдебиеттік оқу», «Литературное чтение», «Русский язык» (Я2), «Қазақ тілі» (Т2), «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге асыру болып табылады. Коммуникативтік тәсіл білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатын көздейді, яғни мәтіндерді түсіну және оларға рефлексия жасау қабілетін дамытуға, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануға, білімдерін және мүмкіндіктерін арттыруға, қоғам өміріне белсенді қатысуға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |