«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»


Мектепалды даярлық сыныптарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері



бет30/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

Мектепалды даярлық сыныптарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Мектепалды даярлық сыныптары білім беру қызметін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.

Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес оқу процесі 1-қыркүйектен бастап 25-мамырға дейін жүзеге асырылады (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру кезеңі).

Оқу жылы ішінде 1-сыныптың каникул кезеңіне сәйкес каникул белгіленеді.

Тәрбиелеу – білім беру процесі перспективалық жоспарға сәйкес өтпелі тақырыптар, апталық циклограмма, тәрбиеленушілердің жетістіктерінің мониторингі (бастапқы, аралық, қорытынды) негізінде, стандарт, үлгілік оқу жоспары, бағдарлама және басқа да нормативтік актілер негізінде жүзеге асырылады.

Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын негізгі талап санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, рұқсат етілген көлем мен ұзақтықты қамтамасыз ету.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі – 20 сағатты, ұзақтығы – 25-30 минутты құрайды.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық үшін вариативтік компонент қарастырылған. Вариативтік компонентті анықтауда өңірдің ерекшеліктері, балалардың қызығушылықтары, ата-аналардың қалаулары мен білім беру ұйымының бағыты және т.б. ескеріледі.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің көлемі – 2 сағатты, оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін – 3 сағатты құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделіне сәйкес педагогтің міндеті – балалардың қызығушылықтарын атап өту, оқу әрекеті барысында әр баламен сөйлесу. Сабақ нысандарын педагог таңдауы тиіс. Бала өзінің әлем жайлы жеке түсінігін қалыптастыру құқығы мен мүмкіндігі бар оқуға белсенді қатысушы ретінде қабылдануы тиіс.

Мектепалды даярлық сыныбы түлегінің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мектепке дейінгі білім берудің мақсаттары, міндеттері, мазмұнымен негізделген және Стандарттың қосымшасында «туғаннан бастап 1-сыныпқа қабылданға дейін балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесінде» берілген тәрбиеленуші жетістіктерінің күтілетін нәтижелерін қамтиды https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 8-бабының нормаларына сәйкес мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың мектепалды сыныптарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды.

Осы жүктемесіне сәйкес педагог келесі функцияларды орындайды:


  • Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ҰОҚ-ны өткізеді;

  • перспективалық жоспар және апталық циклограмма құрастырады;

  • режимдік сәттерді ұйымдастырады және өткізеді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, балалар іс-әрекетінің түрлері (ойын, шығармашылық, танымдық, эксперименттік, дербес және т.б.), серуен, жеке жұмыс, сауықтыру шаралары және т.б.);

  • диагностика (бастапқы, аралық және қорытынды) арқылы балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайды);

  • ата-аналармен жұмыс жүргізеді;

    • білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға қатысады (жиналыстар, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, конкурстар және т.б.);

    • ертеңгіліктерді, ойын-сауықтарды, спорттық іс-шараларды және т.б. ұйымдастырады және өткізеді.

Күн тәртібінің, перспективалық жоспардың және циклограмманың үлгілері оқу жылы бойы «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығының www.rc-dd.kz.сайтында қолжетімді болады.

Жалпы білім беретін мектептер жанынан жазғы кезеңде мектеп жасына жеткен, бірақ мектепке дейінгі ұйымдарға, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарына бармаған балалар үшін қысқа мерзімді (1-2 ай) «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық курстары өткізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет