Алгоритм бойынша әңгіме құрау
|
- алгоритм бойынша әңгіме құрай алады;
- әңгімедегі оқиғалардың дәйектілігін анықтайды;
- әңгімені аяқтай алады;
- құралған әңгімені жазады
|
|
Кейіпкердің атынан хат
|
сөйлемдерді нақты әрі анық құрайды;
дәйектілікті сақтайды;
кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады, қорытынды жасай алады
|
|
Кейіпкерге хат
Мұғалім шығарманы өз қалауы бойынша таңдайды. Ал білім алушылар хат жазатын кейіпкерін өз бетінше таңдайды.
|
- өз хатына ат қоя алады;
- тірек сөздерді пайдалана отырып, ұсынылған тақырып бойынша хат жазады;
- өз ойын қисынды және жүйелі түрде жеткізеді;
- сөйлемнің ойын дәл жеткізеді;
- кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды;
- кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады, қорытынды жасай алады
|
|
Санамақ құрастыру
Санамақ – баланың есептеу, ойлау қабілетін дамытуға арналған тілдік құралы.
|
санамақтарды мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан, т.б. ажырата алады;
санамақ құрастырудың принципін түсінеді;
өзінің құрастырған санамағына таныстырылым жасайды
|
|
Диалог
|
диалог түрінде сөйлесе алады;
диалогтің басында, ортасында және соңында айтылатын сөйлемдерді дұрыс қолданады;
ойын түсінікті және дұрыс жеткізе алады;
сөздік қорын көрсете алады
|
|
Кітап жасау
Шығармашылық жобаның бұл түрін (жеке немесе топтық) әртүрлі техникада орындауға болады. Бұл өзі суреттерін салып, қолымен жазылған кітап болуы мүмкін. Кітапты аппликацияменәрлеуге болады. Кітап әртүрлімазмұнда бола алады:«Бұл қандай аң?»; «Ақ» сөзімен тұрақты сөз тіркестері, иллюстрацияланған (суретті) сөздік.
|
шығармашылық жобаның тақырыбын анықтайды;
кітаптың мазмұнын ойластырады (ресурстарды таңдайды);
суреттермен әрлейді;
суреттер мазмұнына сәйкес келеді
|
|
Берілген рифма бойынша өлең (буриме) шығару және басқа да өлең түріндегі шығармаларды ойлап табу; сондай-ақ бірінші жолдың екінші жолын ойлап табу және т.б.
|
екі немесі бірнеше сөздің қосымшаларынан, соңғы буындарынан ұйқасым таба алады;
берілген рифмаға сәйкес сөздерді таңдай алады;
берілген тақырыпқа сәйкес өлеңді жалғастыра алады
|
|
Ертегілер елінде
Әртүрлі ертегілерден сюжеттерді және кейіпкерлерді таңдайды, оларды біріктіріп, ертегі ойластырады. Білім алушылар кейіпкерлерін алмастыра отырып, өздерінің сүйікті ертегілерін ала алады.
|
әртүрлі ертегілердің кейіпкерлерін бір сюжетке біріктіре алады;
ойластырған ертегісі түсінікті;
оқиғалардың дәйектілігін сақтайды
|
|
Аяқталмаған әңгіме
| |
|
Оқылған шығармаға диафильм салу
|
мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді;
мәтінді аяқталған мазмұндық бөліктерге бөле алады;
әр бөліктің негізгі ойын анықтай алады;
әр бөлікке ат қояды;
дәйекті жоспар құрады;
диафильм салады
|