«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет41/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

«Ағылшын тілі» оқу пәні

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген. Бағдарламаның ағылшын тіліндегі нұсқасын Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтынан (https://nao.kz) жүктеп алуға болады.



Оқу жүктемесінің көлемі:

1) 1-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 66 сағатты;

2) 2-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты;

3) 3-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты;

4) 4-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін әртүрлі тапсырмалар арқылы тілді А1 деңгейінде меңгеру үшін білім алушыларды дамытуға бағытталған. Оқу бағдарламасы сөйлеу қызметінің барлық түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, сонымен қатар тілді қолдану бойынша дағдылар мен біліктерді дамытуды қарастырады.


12-кесте. «Ағылшын тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес сыныптар бойынша көрсетілген тілдік деңгейлер шкаласы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет