«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет46/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны өзгерген жоқ.

2021 жылғы 26 наурыздағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 125 бұйрығымен «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына, 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды тәжірибеде пайдалану үшінбазалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

«Цифрлық сауаттылық» пәнінің 1-сыныптағы апталық оқу жүктемесі0,5 сағатты, оқу жылында 17 сағатты құрайды.

«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 188-2к қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына 4-қосымша).

1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім алушыларда алгоритмдік ойлауды ойын программалау ортасындағы командалық блоктарды пайдалану арқылы қалыптастыруға бағытталған. Ойынның дайын кодын іске қосу, кодтағы блоктардың орналасу логикасын түсіну дағдылары қалыптастырылады.

Робототехника сабақтары робототехникаға арналған жиынтықтың негізгі блоктарын таныстыруға, дайын программаны іске қосып үйренуге және басқаруға бағытталады.

«Цифрлық сауаттылық»пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі бастауыш мектепте білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін оқу процесіне кіріктіру болып табылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін өмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстыра және оқыту формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің түрлерін пайдалана отырып көрсету ұсынылады.



Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнінен бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет