Сабақ тақырыбы: Есептік, реттік сан есім Сабақ мақсаты: Сан есімнің мағыналық түрлерін меңгерту



Дата26.08.2017
өлшемі234,95 Kb.
#28017
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Т.Айбергенов атындағы мектеп - гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Дүйсенова Нұржамал Қонысбекқызы

Тақырыбы: Есептік, реттік сан есім



Сабақ тақырыбы: Есептік, реттік сан есім

Сабақ мақсаты: Сан есімнің мағыналық түрлерін меңгерту

Білімділік-практикалық жұмыс жүргізу арқылы есептік, реттік сан есімді меңгерту

Дамытушылық-оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру

Тәрбиелік-оқушыларды алғырлыққа, ізденімпаздыққа баулу

Көрнекілігі: Сызба-таблица, кеспелер, электронды оқулық

Пайдаланылған әдебиет: «Қазақ тілі оқулығына арналған жұмыс дәптері» Павлодар-2001

Сабақ формасы: жеке, жұптық, топтық жұмыс

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру

Оқушыларды сандар бойынша топқа бөлемін. 1-топ «Тақ сан», 2-топ «Жұп сан» Екі топ өздері ортақ ереже қабылдайды

2. Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексеремін
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы

-Балалар, біз сұрақтарға дұрыс жауап бере алсақ, екі себетті көкөніс пен жемістерге толтырамыз. Ендеше, іске сәт дейміз

1.Қазақ тіл білімі салаларын кім атайды?

2. Біз тіл білімінің қай саласын оқып үйреніп жатырмыз?

3.Морфология нені зерттейді?

4.Сөз құрамына қарай неше топқа бөлінеді?

5.Қосымшалардың неше түрі бар?

6.Сөз таптары неше?

7.Сан есім дегеніміз не?

8.Сан есімнің құрамына қарай неше түрі бар?

9.Дара сан есім дегеніміз не?

10.Күрделі сан есім дегеніміз не?

11.Сан есім тұлғасына қарай неше түрге бөлінеді?

12.Негізгі түбір дегеніміз не?

13.Туынды түбір дегеніміз не?
Жұптас, ойлан Мақал-мәтел-сөз мәйегі

Көп нүкте орнына тиісті сан есімді қойып жаз

1.-------------- кісі ------------------- кісіге олжа салар

2. Білекті ---------- жығар, білімді ------------ жығар
3.----------------- жаудан ---------------- жансыз жаман
4.---------------- түсін танығанша, --------------- атын біл
Керекті сан есімдер: бір және мың 5.Білгенің бір --------------,

Білмегенің ----------------.
6.Қызға ------------ үйден тыю
7. Анадан -----------,

Атадан ----------, жалғыздық көрер жерім жоқ

8. Ер жігіт ---------------- сырлы,

---------------------- қырлы болсын

Керекті сан есімдер: қырық, тоғыз, тоқсан, сегіз, бір.
Келесі тапсырмамыз «Полиглот» деп аталады
«Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасы аясында үш тілде сан есімдерді айтып көрейік
Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде

бір

мың

тоғыз

тоқсан тоғыз

алты

төрт

сегіз

екі

қырық









3.Жаңа сабақты меңгерту Есептік, реттік сан есімдер

Электронды оқулық арқылы өздігінен жаңа тақырыпты меңгерту.
Кітаппен жұмыс

Жаттығуды жазбаша орындау

1-топ Сан есімнің мағыналық түрлерін топтастыру

топ Есептік ,реттік сан есімді Венн диаграмма арқылы салыстыру
Сергіту сәті. Физминутка .
4. «Жұмбақ есеп» ойыны
1.Төрт қаз ұшып барады,

Биіктен төмен қарады.

Аяқ нешеу, бас нешеу?

Жауабын кім табады?
2.Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?
3.Халық жұмбағы
Бір қырдың басында тұрған қойшы екінші қырдағы қойшыға былай деп айқайлайды:

-Ей, Дүйсенбай, егер де сен маған бір қойыңды берсең,онда менің қойым сенің қойыңнан екі есе көп болады .

Дүйсенбай болса былайша деп тіл қатады:

-Жоқ,Сейсенбай, одан да сен маған бір қойыңды бер: сонда біздің қойымыз тең болады.

Сұрақ: Екі қойшыда қой саны қаншадан болған?

Жауабы: Біреуінде-бес қой, екіншісінде-жеті қой
5.» Мағынаны таны» ойыны
1.Жерден ----------------- қоян тапқандай

2.-------- езуі ------------- құлағына жету

3.------------ аяғын ----------- етікке тығу

4. Ер қаруы --------- қару (шоқпар,сойыл, садақ, найза, қылыш)
6.».Сағат тілінің бағытымен» ойыны Жазғы тәулік кезеңдері көрсетілген сағат бойынша оқушылар жауап береді

Бесін----------------17.00

Таң сәрі--------------5.00

Күн ұясынан көтерілер кез? --------------------7.00

Сәске түс қай кез?-----------------------9. 00

Тал түс--------------------------------12.00

Ымырт.іңір--------------------------------20.00

Ақшам----------------------------------21.00

Ел жатар кез?-------------------------22.00
7.Сәйкестендіру тесті

1ауыз

1 жұтым

1шымшым

1 асым

1атым



тұз

насыбай

ет

су

өлең




8.Оқушылардың өзін-өзі бағалауы (баспалдақтар арқылы)
9. Мұғалімнің бағалауы
10.Кері байланыс (Екі жұлдыз,бір тілек)
11.Үйге тапсырма: Есептік, реттік сан есім ( -жаттығу)

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет