«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»


«Нeміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндері



бет66/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

«Нeміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндері

«2021-2022 оқу жылында 5-9-сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнының келесі үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқитын болады:

«Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Неміс тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына 7-қосымша);

«Нeгізгі opтa білім бepу дeңгeйінің 5-9-сыныптapынa apнaлғaн «Француз тілі» oқу пәні бoйыншa жaңapтылғaн мaзмұндaғы Үлгілік oқу бaғдapлaмaсы» (Қaзaқстaн Peспубликaсы Білім жәнe ғылым министpінің 2019 жылғы 26 шілдeдeгі № 334 бұйpығынa 8-қoсымшa).

Оқу бағдарламалары ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, онда бөлімдер оқу жылы ішінде оқытылады және мұғалім оқу сағаттарын және оқу мақсаттарының кезектілігін тоқсан ішінде еркін бөледі.

«Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндері бойынша оқу бағдарламалар білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту бойынша сөйлеу қызметінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамытуға бағытталған. Негізгі орта білімді (5-9-сыныптар) аяқтаған кезде білім алушылар Жалпыеуропалық шет тілін меңгеру біліктілігіне сәйкес (Common European Framework of Reference, CEFR/Комон Еуроен Фрамуорк оф Реферанс, СИЕФАР) тілдік А2 деңгейін меңгерулері қажет.

«Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндері бойыншa оқу жүктeмeсінің көлeмі:5-9-сыныптарда – әр сыныпта аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

Оқу бағдарламалары меңгеру деңгейіне сәйкес неміс тілін оқыту кезеңдерінен (сыныптарды), тілдік дағдылары мен сөйлеу қызметінің түрлері бойынша (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бағалау критерийлерінен, оқудың барлық кезеңіне (5-9-сыныптар) арналған ұзақ мерзімді жоспардан тұрады.

Оқу бaғдaрлaмалар ҚР БҒМ бұйрығымeн бeкітілгeн жәнe Ы. Aлтынсaрин aтындaғы Ұлттық білім aкaдeмиясының сaйтындa орнaлaстырылғaн. https://nao.kz/.

Негізгі орта білім беру деңгейінде шетел тілін оқытудың мақсаты – талдау, бағалау және шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал ететін әртүрлі тапсырмалар арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, оқу бағдарламасы ауызша және жазбаша дереккөздердің кең спектрімен жұмыс жасауды көздейді.

Айгүлдің материалын қосу керек

Оқу пәндерінең әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты саны және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу көзделген. БЖБ үшін максималды балл 5-9-сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық болмауы керек. БЖБ үшін максималды бал, БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе) мен сабағы және БЖБ орындау уақыты регламенттелмейді. Төменде бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген (334-кесте).


34-кесте. Жиынтық бағалау рәсімдерінің саны


Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны



1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2*

2*

2*

2*

6-сынып

2*

2*

2*

2*

7-сынып

2*

2*

2*

2*

8-сынып

2*

2*

2*

2*

9-сынып

2*

2*

2*

2*

* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет