«Информатика» оқу пәні
7-8-сыныптарда «Информатика» пәнінің базалық мазмұны өткен оқу жылындағыдай, өзгеріссіз.
5-6, 9-сыныптарда «Информатика» пәні жаңа оқу бағдарламасымен оқытылады.
5-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) «Компьютердің құрылғылары». Ақпараттың цифрлық тасымалдаушылары;
2) «Компьютерлік желілер». Ортақ файлдармен жұмыс (орналастыру, редакциялау, жүктеу);
3) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпаратты әртүрлі нысандарда ұсыну. Байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштары. Мәтіндік ақпаратты кодтау. Ақпараттың екілік көрінісі;
4) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Мәтіндік редактор: беттің параметрлері, алдын ала қарау. Компьютерлік графика: растрлық кескіндерді жасау және өңдеу, векторлық суреттер жасау және өңдеу, растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері;
5) «Программалау». Роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау. Роботты көрсетілген градусқа бұру. Робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигі. Объектіні табу үшін ультрадыбыстық датчик;
6) «Робототехника». Роботты анықтау. Робот түрлерінің үлгілері және оларды қолдану салалары. Робототехника саласындағы адамзаттың техникалық жетістіктерінің мысалдары. Гироскопиялық датчик, жұмыс істеу принципі;
7) «Эргономика». Қауіпсіздік техникасының ережелері.
8) «Ақпараттық қауіпсіздік». Біреудің жұмысын көшірудің заңсыздығы. Құжаттарға арналған пароль.
6-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) «Компьютердің құрылғылары».Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютерлік негізгі құрылғылардың әрекеттестігі;
2) «Программалық қамтамасыз ету». Операциялық жүйелердің негізгі функциялары. IDE (ай ди и) (Integrated Development Environment (интегрейтед девелопмент энвайронмент) интерфейсінің мүмкіндіктері;
3) «Компьютерлік желілер». Сымсыз байланыстың артықшылықтары;
4) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Мәтіндік құжаттардағы сілтемелерді ұйымдастыру. Сілтемелер. Гиперсілтемелер. Мазмұны. Реферат құру;
5) «Модельдеу». 3D-модельдер қолдану мысалдары. 3D-редактордың мүмкіндіктері. 3D-редакторының графикалық примитивтерді құруға арналған құралдары. Айналу денелерін құру және түрлендіру. 3D-редактордағы объектілердің модельдері. Басып шығару үшін 3D-үлгіні экспорттау. 3D-баспаны баптау;
6) «Алгоритмдер». Python (пайтон) тіліндегі сызықтық алгоритмдер.
7) «Программалау». Бағдарламалау тіліннің алфавиті және синтаксисі. Мәліметтер типтері;
8) «Эргономика». Эргономика міндеттері (барынша жайлылық пен тиімділік үшін);
9) «Ақпараттық қауіпсіздік». Интернетке тәуелділіктің проблемалары. «Авторлық құқық», «Плагиат» ұғымдары. Авторға сілтеме жасайтын ақпаратты сақтау.
7-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) «Ақпаратты өлшеу және компьютер жады». Ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыру. Компьютердің жады түрлері (жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы, сыртқы сақтау құрылғысы, кэш – жады). Бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішіндегі файлдардың көлемін салыстыру. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары. Мұрағаттарды құру және мұрағаттан шығару;
2) «Жүйелер және қауіпсіздік». Қызметі, компьютерлік желілердің жіктелуі (масштаб, топология, тиістілігіне қарай). Компьютерді зиянды программалардан қорғау;
3) «Тапсырмаларды электронды кестелердің көмегімен шешу». Мәтіндік процессорда кестелерді құру, өңдеу, пішімдеу. Электронды кестелер, электронды кестелердің негізгі ұғымдары. Мәліметтерді енгізу, өңдеу мен пішімдеу, толтыру маркері. Мәлімет типтері. Формулаларды енгізу. Шартты пішімдеу. Диаграммаларды құру;
4) «Шешімдерді программалау (С/С++, Python, Delphi, Lazarus тілдерінің бірінде)». Программалау жүйесі. Программалау тілдері. Мәлімет типтері. Жобаның интерфейсі. Сызықтық алгоритмдерді программалау. Тармақталу алгоритмдерін программалау. Кірістірілген және құрамды шарттарды программалау;
5) «Нысандар мен оқиғаларды модельдеу». Үшөлшемді нысандар, 3D – редакторлар. Редакторға кірістірілген нысандар. Нысандардың үшөлшемді модельдері. Оқиғалардың үшөлшемді модельдері.
8-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) «Компьютер мен жүйелердің техникалық сипаттамалары». Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану. Процессордың негізгі сипаттамалары. Желінің өткізу қабілеті;
2) «Денсаулық және қауіпсіздік». Адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсері, электронды құрылғылардың жағымсыз әсерінен қорғану тәсілдері. Желі қолданушыларының қауіпсіздігі: интернеттегі алаяқтық пен агрессия;
3) «Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу». Электронды кестелердегі мәліметтердің пішімдері. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелер. Берілген функция графигін құру. Кірістірілген функцияларды қолдану: математикалық (қосынды, көбейтінді, дәреже), статистикалық (егер, минималды, максималды, орташа мәні, есептеу), логикалық (егер);
4) «Программалар жасаудың кіріктірілген орталары (С/С++, Python, Delphi, Lazarus тілдерінің бірінде)». Программалық жасақтаманың міндетіне қарай жіктелуі. Программа құрудың кіріктірілген ортасының құрамдас бөліктері. Таңдау операторы. Цикл операторы (параметрлі цикл, алғы шартты цикл, соңғы шартты цикл). Алгоритмнің трассировкасын орындау;
5) «Программа құрудың кіріктірілген ортасында тапсырмаларды шешу». Қолданбалы есептерді программа құрудың кіріктірілген ортасында модельдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |