өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады)
себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);
дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);
маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде);
интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.
Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).
Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тақырыптан кейін зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез-келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.
Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
Күтілетін пәндік нәтижелер әр бөлімдер мен тақырыптар бойынша анықталған оқу мақсаттары түрінде берілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда пәндік білім мен дағдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндерінің (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) құрылымы:
- сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр)
- сынып – ортағасырлар кезеңі (V - XVII ғасырлар);
- сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар);
- сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы);
9 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін).
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 2017-2018 оқу жылынан бастап 5-сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқытылмайды. Бұл бастауыш мектептегі «Дүниетану» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасындағы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі маңызды тарихи оқиғаларын зерделеуге ерекше назар аударылғанымен байланысты. Сондықтан да 5-сыныптың жаңа оқу бағдарламасында отандық тарихтың барлық курсы емес, тек қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы (дүниежүзі тарихымен қатар) оқытылады. Сонымен, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндерін жүйелі түрде оқу 5- сыныптан басталады.
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (48-кесте).
48-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
|
Оқу пәнінің атауы
|
Жалпы жүктеме, сағат
|
Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)
|
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)
|
Апталық
|
Жылдық
|
Апталық
|
Жылдық
|
5
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
68
|
2
|
68
|
6
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
68
|
2
|
68
|
7
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
68
|
1
|
34
|
8
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
68
|
1
|
34
|
9
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
68
|
1
|
34
|
2021-2022 оқу жылында 5-9-сыныптар арасында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні мазмұнының сабақтастығын сақтау және хронологиялық кезеңділікті сақтау мақсатында 9-сыныпта 9-сыныптың (қазіргі заман тарихы: XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін) мазмұнын қамтитын жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы енгізіледі.
|
2021-2022 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша келесі оқулықтар қолданылады:
5-сынып – 5-сыныпқаарналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр);
6-сынып – 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы»және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары немесе 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар);
7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы»және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар);
8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы»және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары ( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың біріншіжартысы);
9-сынып –9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екіншіжартысынан бүгінгі күнге дейін).
|
Қазақстан тарихы бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.
5-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқыту – оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін анықтауды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |