«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет79/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)
696 8178 22929, ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1), 5 тапсырма, Дәріс 2; 2 апта, зж2
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер

  • Тарихты оқытуда келесілерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады:

  • тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір көлемін (тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, алған білімі мен білігін оқу мен тәжірибелік міндеттерді өздігінен шешумен сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;

  • тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыруға;

  • тарихи деректердің негізінде тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);

  • қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

  • Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге сәйкес болуы қажет:

  • тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;

  • дифференциацияны көздеу;

  • сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру;

  • проблемалық оқытуға негізделуі;

  • бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.

Баяндама, эссе жазу, презентация жасау және т.б.бойынша тапсырма беру барысында мұғалімге оқушыларды тапсырманың критерийлерімен таныстыру ұсынылады.

  • Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны «оқып», оны білім көзі ретінде пайдалануына көңіл бөлу ұсынылады.

Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.

Мысалы 6-сыныпта «VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау» аттыоқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи картаны пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді. Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте бағдарлауға мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. Бұл тарихи оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін тапсырмалардан көрінеді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар беру ұсынылады.

7-9-сыныптарда тарихи картаның мазмұнын талдауды қажет ететін тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту ұсынылады.

9-сыныпта тарихты оқытубілім алушылардың қазіргі заман тарихының маңызды процестеріне, құбылыстарға, оқиғаларға және ұғымдарға баса назар аударуға, тарихи оқиғаларды, талдау, салыстыру, көрнекті тарихи тұлғалар қызметін бағалау, алған білімі негізінде өз ойын дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Білім алушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады.

Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісіне қосқан үлесіне баға беруде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Тұңғыш Президент сайлауының 30 жылдығы, Семей полигоны жабылуының 30 жылдығы, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа алғашқы ұшуының 30 жылдығы атап өтілетін қосымша материалдар негізінде талдау жасауға бағыттау ұсынылады.

Тарихты оқытуда тарихи концепт бойынша берілетін тапсырмаларды оқушылардың тарапынан тек қана себеп пен салдарларды анықтаумен қатар, бұл себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рөлі бойынша), түрлі себептер арасында өзара байланысты анықтау және оларды маңыздылық деңгейі бойынша орналастыруға бағыттау ұсынылады.


  • Тарихи деректердің интерпетациясы бойынша тапсырмалар әзірлеуде оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, дайындық деңгейін ескере отырып біртіндеп күрделендіру ұсынылады. Тарихты оқытуда түрлі тарихи деректерді, аудио және бейне материалдарды, иллюстрацияларды қолдану ұсынылады.

Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:

  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

  • білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;

  • білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;

  • білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;

  • білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану;

  • оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану;

  • сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану.

  • Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы қолдану ұсынылады:

- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;

- тұлғалық белгілерін сипаттау;

- өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау;

- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.

Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.

Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамдардың құқығы мен бостандығын құрметтейтін және қабылдайтын, Отанының дамуына өз үлесін қосуға ниетті тұлғаны тәрбиелеуден көрінетін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарын іске асыруда маңызды рөл атқарады.

Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

Сондай-ақ «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының материалдарын қолдануға болады.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:

http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.



Тәрбиелік компонент

Пән мазмұны ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, Қазақстанның әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, оның әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсінуге, мүмкіндік береді.


«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2021-2022 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі кеңейтілген іс-шаралар жоспарын жасап ұйымдастыру;

  • Тұңғыш Президент сайлауына – 30 жыл;

  • Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл;

  • Қазақтың көрнекті ағартушысы, педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл;

  • Қоғам қайраткері, журналист, этнограф Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл;

  • Қазақтың аты аңызға айналған палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы;

  • Олимпиада чемпионы, балуан Жақсылық Үшкемпіровтің 70 жылдығы.

Мектептегі сыныптан тыс жұмыс:

- олимпиадалар мен жарыстар, таңдау бойынша бос сабақтар түрінде;

- оқу бағдарламасына сәйкес қосымша арнайы сабақтар түрінде;

- пәнаралық және кіріктірілген сабақтарда және т. б.

Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың дербестігін дамытуға ықпал етеді, зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастырады, пәнді оқуға қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар білім алушылардың іздеу қабілеті дамиды, олардың теориялық білімдері толықтырылып, тереңдетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет