«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет72/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

«Химия» пәні оқу

Химия – заттар, олардың қасиеттері, құрылымы және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым.

Химия органикалық және бейорганикалық заттардың құрамын, заттардың құрылымын, заттардың өзара әрекеттесу қабілетін зерттейді және химиялық энергияның жылу, электр, жарық тағы басқа энергияларға өту құбылыстарын зерттейді.

7-9-сыныптарда «Химия» оқу пәнінің төмендетілген оқу жүктемесіне арналған Үлгілік оқу бағдарламасында жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасында қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, тек қана оқу мақсаттарының, зертханалық жұмыстар мен көрсетілімдердің санында айырмашылықтар бар (44-кесте).


44-кесте. Зертханалық жұмыстар мен модельдеу саны

Сынып

Оқу мақсаттарының саны

Зертханалық жұмыстар саны

Практикалық жұмыстар саны

Жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ

Төмендетілген ҮОЖ

Жаңартылған мазмұн

дағы ҮОЖ


Төмендетілген ҮОЖ

Жаңартылған мазмұн

дағы ҮОЖ


Төмендетілген оқу жүкте

месіне ҮОЖ



7

49




11




4




8

72

51

10

9

7

4

9

109

79

17

9

6

4

Тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған тәсілдердің бірі – демонстрация.

Демонстрацияны жүргізу мыналарды қамтуы мүмкін:

1) қауіпсіздік-кейбір жұмыстарды топтарда орындаудың қауіптілігі жоғары болуы мүмкін;

2) уақыт-демонстрациялар әдетте аз уақытты алады;

3) нәтиже – кейбір нәтижелерге қол жеткізу қиын және көптеген білім алушылардың білім деңгейінен жоғары болуы мүмкін.

Сәтсіз шыққан тәжірибені уақытты ысырап ету ретінде қарастыруға болады.

Мұғалімнің демонстрация жасауы тиімді, бірақ білім алушылардың көпшілігі практикалық эксперименттерді ұнататынын есте сақтаған жөн.

Білім алушылар:

- нәтижелерді қалай бағалауды және қорытынды жасауды;

- тәжірибелік өлшемдердегі ауытқуларды анықтауды;

- тәжірибелік процедуралардағы шектеулерді;

- өлшеу мен деректердің дәлдігін;

- процедуралар мен аппаратурада жақсартуларды.

«Химия» пәнін ұйымдастырудағы міндеттердің бірі білім алушылардың оқу пәндері бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану және тәжірибеге бағытталған біліктілігі мен дағдыларын дамыту болып табылады. Химия сабақтарында жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстар талдауға, жинақтауға, бағалауға, болжауға, есептеуге, түсіндіруге, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтауға, жобалық тапсырмалар орындауға, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Практикалық және зерттеушілік жұмыстар, зертханалық тәжірибелер орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі.

Білім алушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.

Оқу бағдарламаларында білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау қарастырылған, мысалы «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау» практикалық жұмысы, «Тыныс алу процесін зерттеу» зертханалық тәжірибесі т.б.

Қазақстанның байлығы болып табылатын жанар май қоры мен минералдық ресурстар туралы білім алушыларға «Жаратылыстану» және «География» пәндерікурсынан өз білімдерін жинақтап қорытуға мүмкіндіктері бар.Жер қыртысының химиялық құрамы, кендерден металл өндіру негіздері мәселелері қарастырылады. Бұл тақырыпты зерделеу жансыз табиғатта өтіп жатқан процестер туралы білімдерін тереңдетуге, сондай-патриоттық сезімдерін оятуға мүмкіндік береді.

Оқу жылы ішінде химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктеріне төмендегідей тақырыптар ұсыныс ретінде беріледі:



Химияны оқыту практикасында заманауи дидактикалық тәсілдерді жүзеге асыру. Оқытудағы жүйелік әрекет және тұлғаға бағытталған тәсілдер. Білім алушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту. Пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Белсенді және интербелсенді оқыту әдістерімен химия сабақтарында білім беру саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдері.

Білім мен дағдыларды түзету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, өзін-өзі бағалаудағдыларын дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. Химия пәні бойынша оқу сабақтарында бақылау-бағалау процесінде білім алушылардың ұйымдастырушылық және білімділік қабілеттерін қалыптастыру. Білім алушылардың бірін-бірі бақылау,бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау,кері байланыс тәсілдерін тиімді пайдалану, пәнді оқытуда анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру.

Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы «Химия» пәнін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамыту және білім сапасын арттыру мақсатында химия сабақтарында және сабақтан тыс қызметте заманауи технологияларымен электронды білім беру оқыту құралдарын пайдалану. Медиа білім беру құзыреттілігін қалыптастыру: талдау, бағалау, ақпаратты пайдалану, оны түсіндіру және жаңа мәселелерді шешу үшін қолдану дағдыларын. Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып химиялық эксперименттерді модельдеу әдістері (виртуалды зертхана).



Академия мұғалімдерге білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайына әдістемелік ұсынымдамалар дайындады. Ұсынымдамалар Академияның сайтына орналастырылған.

Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 45-кестеде берілген.
45-кесте. «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

-

2

2

2

8-сынып

3

3

3

3

9-сынып

3

3

2

3





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет