11-сыныптағы зерттеу жұмысының тақырыптары:
1. Әлемдік тәжірибені талдау негізінде Қазақстанның шектеулі табиғи-географиялық факторларын еңсеру перспективалары.
2. XXI ғасырдағы әлем: халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері
3. Тұлғаның тарихтағы рөлі
4. Жаһандану жағдайындағы ғылым мен техниканың перспективалы салалары.
Оқу бағдарламасында қарастырылатын ұсынылған жалпы тақырыпқа сүйене отырып, әр оқушы жеке зерттеу үшін тақырыпты тұжырымдайды. Зерттеу жұмысының жеке тақырыбы зерттелген бөлімнің пәндік мазмұнын жинақтап, теориялық немесе практикалы-бағдарланған сипатта (оқушының таңдауы бойынша) болуы керек.
Оқушылар қалауынша мазмұнына жақын зерттеу тақырыптары бойынша жұп немесе топқа біріктірілуі немесе топтық зерттеу жүргізуі мүмкін.
Әр тоқсанның соңындағы зерттеу жұмысы – бұл шағын жобалық жұмыс, теориялық зерттеу, онда білім алушылар келесідей зерттеу дағдыларын көрсетуі керек:
Зерттеу проблемасын (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау.
Зерттеу жүргізу жоспарын құру (оның кезеңдері).
Зерттеудің гипотезасы, мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау.
Іріктеп алу және пайдалануға қолайлы зерттеу әдістері.
Алынған ақпарат көздерін (әдебиеттерге сілтеме, е-дереккөздер) көрсете отырып, зерттеу тақырыбы бойынша теориялық материалды іріктеу және жүйелеу (сандық және сапалық).
Зерттеу бойынша жазбаша есеп жасау.
Ақпаратты бір формадан екіншісіне түрлендіру: ауызша-кестелік, кестелі-сызбалық немесе графикалық және т. б.
Бірлескен жұмыстың барлық кезеңдерінде зерттеудің басқа қатысушыларымен ынтымақтасу.
Зерттеу басында ұсынылған гипотезаны растайтын немесе жоққа шығаратын қорытынды жасау.
Сыныптастары алдында өз жұмысын таныстыру.
Сыныптастарының жұмысын өзара бағалау және орындалған жұмыстың өзін-өзі бағалау.
Жүргізілген зерттеу жұмысын жетілдірудің жолдарын немесе алынған теориялық тұжырымдарды іс жүзінде қолдану мүмкіндіктерін белгілеу.
Оқушылар зерттеу тақырыбы бойынша 3 сабақ бойы өз бетінше жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда олар мұғалімге сұрақтармен жүгіне алады.
Зерттеу жұмысын орындау кезінде оқушы:
ғылыми зерттеу логикасына сәйкес жұмысты құрылымдайды,
жоба дәлеліне оның өзектілігін енгізеді,
зерттеу нысаны мен тақырыбын айқындайды,
жобалық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін көрсетеді,
зерттеу гипотезасын тұжырымдайды,
зерттеу әдістерін анықтайды,
ақпарат көздерін нақтылайды,
зерттеу әдістерін таңдайды,
мәселелерді шешу жолдарын айқындайды,
тәжірибе арқылы жаңанымеңгереді,
жобаны ұсынылған немесе еркін түрде ресімдейді,
гипотезаны растайды немесе жоққа шығарады,
проблемалардың жаңа спектріне шығады.
Зерттеу жұмыстарына бөлінген 4-ші сабақта оқушылар өз жұмыстарын сынып алдында таныстырады, талқылайды, бір-біріне сұрақтар қояды, толықтырулар мен нақтылаулар енгізеді.
Зерттеу нәтижелерін рәсімдеу нысандары келесідей болуы мүмкін: зерттеу туралы жазбаша есеп, таныстырылым, баяндама, буклет, жыржинақ, газетке мақала, репортаж, дайындалған үлгі, зерттеу тақырыбы бойынша дайындалған сахналық қойылым, іс-шаралар жоспары, бизнес-процестің немесе әлеуметтік жобаның сипаттамасы, шығармашылық өнім (әдебиет, бейнелеу немесе сәндік-қолданбалы өнер туындысы, бейнефильм, деректі фильм, сценарий және т.б.).
Орындалған жұмыстардың көлемі еркін болуы мүмкін, бірақ баспа мәтіні 5-7 беттен, таныстырылым 7-10-слайдтардан, қойылым 5-10 минутынан кем емес және т. б.
85-кесте. Зерттеу жұмысын жүзеге асыруда оқушы мен мұғалімнің ұстанымдары
Оқушы, оқушылар тобы
|
Мұғалім
|
Зерттеу жұмысының тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
|
Зерттеу жұмысының тақырыбы мен мақсатын анықтауға көмектеседі.
|
Танымдық іс-әрекеттің жаңа білімдері мен тәсілдерін ашады.
|
Зерттеу жұмысын ұйымдастыру тәсілдері, ақпарат алу көздерін ұсынады.
|
Белгіленген кезеңдерге сәйкес зерттеу жұмыстарын орындайды.
|
Байқайды, сұрақтарға жауап береді, зерттеу жұмыстарын жүргізудің мүмкін түрі мен әдістерін ұсынады.
|
Туындаған мәселелерді шешу жолдарын жүзеге асырады.
|
Оқушылардың белсенділігін көрсетуге жағдай жасайды.
|
Әрекет субъектісі
|
Оқушылар серіктесі.
|
Өз әрекеті үшін жауапты.
|
Нәтижелерді рәсімдеу формасын таңдауға көмектеседі.
|
Сынып алдында орындалған жұмыстың қорытындысы туралы есеп береді.
Сыныптастарының жұмыстарын талқылау мен бағалауға қатысады.
|
Алынған нәтижені бағалау, зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдар жасауға көмектеседі.
|
Оқушылардың зерттеу жұмыстарын орындау барысында оқушылардың ынтасын қолдау, әр оқушының немесе оқушылар тобының жұмысын алға жылжыту барысы туралы хабардар болу, жұмыс уақытына және басқа ұйымдастырушылық мәселелерге байланысты білім алушылар үшін стресстік жағдайлардың туындауына жол бермеу қажет.
Зерттеу жұмыстарын таныстыру қорытындысы бойынша орындалған жұмыстарды қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Бұл жағдайда студенттердің мета-пәндік зерттеу дағдылары мен біліктерінің қалыптасуына басты назар аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: |