«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»«Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)
92-кесте. 11-сынып білім алушылардың дене дайындықтарын бағалау кестесі(қыз балалар).
«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жартыжылдыққа және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. «Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2021-2022 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады. «Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген әдістемелік ұсынымдалар академия сайтына орналастырылған (nao.kz).
1) 10-сынып – апасына 3 сағат, барлығы 102 сағатты; 2) 11-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы 102 сағатты құрайды.
Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген). Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және өткізу үшін төменде көрсетілген құжаттар негіз болып табылады: 1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы; 2) «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген); 3) «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген). Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні – білім алушыларды отаншылдық рухқа және Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге бағытталған пән.Ол білім алушылардың төтенше жағдайларда әскери іс негіздері мен адамның өмір қауіпсіздігі әрекеті бойынша білім алуына және әскери қызметтің дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектебінің 10-11-сыныптарына арналған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқытуҚР БҒМ 2020 жылғы «21» сәуірдегі № 154 бұйрығына қосымша, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына425-қосымшамен бекітілген жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыттағы, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы)арқылы жүзеге асырылады. Пәннің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және міндетін оқыту. Пәннің міндеттері:
әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру; әскери бөлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке құрамның өмірімен және орналасуымен таныстыру; қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық технологияны пайдалана отырып робототехникада, дөңгелекті машиналарды жүргізудің негіздері және төтенше жағдайда адам өмірі қауіпсіздігі негіздерінде қалыптастыру; жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін дарытуға тәрбиелеу; әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң көзқараста тәрбиелеу; жеке қауіпсіздік және қоршаған ортаның қауіпсіздігі мәселелеріне саналы және жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады: теориялық сабақтарды оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі; практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын игеруге бағытталады. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін білім алушылар оқығанда: 1) әр азамат өз Отанының қауіпсіздігін және оны қорғаудың қажеттілігі мен маңызын түсінуге; 2)Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құрылымдарында қызмет атқару үшін қажетті білім, білік және дағды алуға; 3) алынған пәндік білім, білік және дағдыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда қызмет еткенде қолдануға; 4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы толық логикалық бір-бірімен байланысты ұғымдар туралы үйлесімді жүйені қалыптастыруға; 5) өзінің дене бітімінің физикалық дамуының іс-әрекет құзыретін жақсарту қажеттілігін бағалауға; 6) жеке адамгершілік қасиеттерін дамытуға және үздіксіз өзін-өзі дамыту қажеттілігін түсінуге; 7) сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу және коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді. Әрбір оқыту ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген күнтізбелік-тақырыптық жоспары құрылады.
«Кіріспе сабағы» бөлімі: 1) білім алушыларға «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұнын; 2) «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғану», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген),«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген). Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды. Кіріспе сабақты өткізу кезінде білім алушыны әскери қызметке даярлау және Қазақстан Республикасын қорғауға, алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін адамгершілік-жігер, психологиялық және физикалық күшін жұмылдыра білу қажеттілігіне баса назар аударылады. Бөлімдер: 1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі». 2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдардың жалпыәскери жарғылары». 3. «Тактикалық дайындық». 4. «Атыс дайындығы». 5. «Саптық дайындық». 6. «Әскери топография». 7. «Әскери роботты техникалардың негіздері». 8. «Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері». Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді. Әр сабақ сайын білім алушылар әскери анттың рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, білім алушылардың әскери білім алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін заңдар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет. Тактикалық дайындық алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша оқу материалын кешенді оқытуды қамтамасыз етеді. Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде қару және оқ-дәрілерді қолданудың қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударған дұрыс. Саптық дайындық бойынша сабақтар саптық алаңда өткізіледі. 10-сыныпта әскери топография сабақтарын білім алушыларға оқытқанда таныс емес аймақтарда картасыз және картамен бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды, сонымен қатар ұшқышсыз қашықтықта ұшатын аспаптардан алынған ақпараттарды қолдануын үйретуді қарастырады. «Әскери роботты техникалардың негіздері» бөлімі: Әскери роботты техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалануды. Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу траекториясын жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдері. Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету тәртібін қамтиды. «Өмір қауіпсіздігінің және ақпараттық технологиялар негіздері» оқу курсының мазмұны 10-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі. 10-сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-шаралармен таныстырады. Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі. Далалық-оқу жиынындағы (лагерьлік) оқу материалдарын тақырыптар бойынша жоспарлау үлгісі (ұлдарға арналған). 10-сынып. Бөлімдер: 1. «Тактикалық дайындық». 2. «Атыс дайындығы». 3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары». 4. «Саптық дайындық». 5. «Әскери топография». Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу сағаттарымен қамтамасыз етіледі. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазбажұмыстыңжәне практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады.
11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бөлім жол қозғалысы ережесін және автокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізуді зерделеу қарастырылады. «Технологиялық дайындық» бөлімі:Дөңгелекті машиналарды жүргізу негіздері мен ережелері – Қазақстан Республикасының жол жүру саласындағы заңдары мен өзге де құқықтық актілері. Көлік құралдарының санаттары. Жүргізушінің жұмыс орны; Жол қозғалысына қатысушылардың міндеттері – Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінде қамтылған негізгі ұғымдар мен терминдер. Жүргізушілердің, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің өзімен бірге болуы тиіс құжаттары; Бағдаршамдар мен реттеушінің сигналдары – Бағдаршам мен реттеушінің сигналдары. Арнайы сигналдарды қолдану. Авариялық сигнал беру және авариялық тоқтату белгісін қолдану. Маневрлеу. Көлік құралдарын жолдың жүру бөлігіне қою; Жол белгілері – Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. Тыйым салу белгілері. Алдын ала жазылатын белгілер. Ақпараттық-көрсеткіш белгілері. Сервис белгілері. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар); Жол таңбалары және олардың сипаттамалары – Таңбалардың жіктелуі. Көлденең және тік таңбалардың талаптарына сәйкес жүргізушілердің іс-әрекеті. Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелері; Қозғалыс жылдамдығы – Қозғалыс жылдамдығы. Басып озу, алда кездескен жол айрығы. Аялдама және тұрақ. Қиылыстардан өту. Жаяу жүргіншілер өтпелері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары; Әртүрлі жағдайдағы қозғалыстар – Теміржол жолдары арқылы қозғалыс. Автомагистральдар бойынша қозғалыс. Тұрғын аймақтардағы қозғалыс. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы. Сыртқы жарық құралдарын және дыбыс сигналдарын пайдалану; Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау – Механикалық көлік құралдарын тіркеп сүйреу. Оқу жүргізулері. Жолаушыларды тасымалдау. Жүктерді тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, көлік-арбалардың (шаналардың) қозғалысына, сондай-ақ жануарларды жолдан айдап өтуге қойылатын қосымша талаптар. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді қамтиды. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» бөлімі: Қауіпсіздік негіздері және қауіптерді жіктеу – Қауіптердің негізгі ұғымдары мен жіктелуі. Техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі; Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі – Физикалық, химиялық және биологиялық факторлар арқылы адам денсаулығына әсер ету; Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Электрлік және тұрмыстық газбен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Тұрмыстық химия құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Компьютерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары; Техногендік сипаттағы қауіптілік – Өнеркәсіптік апаттар (авариялар), олардың қысқаша сипаттамасы және ықтимал салдары. Жарылыстық-өрт қаупі бар нысандардағы апаттар (авариялар). Гидродинамикалық апаттар; Экологиялық қауіпсіздік – Ауа және су құрамының ластануы. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану. Топырақтың ластануы; Табиғи жағдайда автономды өмір сүру-ерікті және мәжбүрлі автономия. Өмір сүру тәсілдері. Қажетті авариялық қор; Криминогендік жағдайларда өзін-өзі қауіпсіз ұстау негіздері – Көшедегі қауіпсіздік. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік. Адамдар көп жиналатын жерлердегі қауіпсіздік; Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Жарылыс қаупі пайда болған жағдайдағы тәртіп ережелері. Кепілдікке алынған жағдайда; Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік негіздері – Киберқауіпсіздіктің негізгі ұғымдары. Әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелері. Ашық қол жетімді Wi-fi желілерін қауіпсіз пайдалану ережелері; Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету – Алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері. Көмектің түрлері. Зардап шеккендерді зақымдану ошақтарынан эвакуациялау тәртібі; Негізгі жұқпалы аурулар. Уланулар, интоксикация және олардың алдын алу – Жұқпалы аурулардың жіктелуі және оның алдын алу. Уланудың негізгі түрлері. Уланудың жалпы алгоритмі. Уланудың негізгі түрлері. Интоксикация кезіндегі көмек; Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету – Автомобильдегі дәрі қобдишасында болатын дәрілік препараттардың тізбесі мен мақсаты. Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету ережелері. Жүрек қызметі мен тыныс алудың кенеттен тоқтаған кездегі алғашқы көмек көрсету. Оқытудың негізгі нысандары теориялық, зертханалық-практикалық, практикалық және бақылау сабақтары болып табылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 11-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 16 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі. Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2021-2022оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат қарастырылған; 2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34сағат. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша сынақ қоюға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының білім және ғылым минстрінің 26.11.2019 № 509 бұйрығының 15-тармағына сәйкес «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша жартыжылдықта және оқу жылының соңында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі қойылады.
Қазіргі заманның жаһандық мәселелері қазақстандық қоғамның дамуына да әсерін тигізуде, мұндайда аталған мәселелер ықпал ететін маңызды спецификалық объект жас ұрпақ болып табылуда. 2015 жылы ЮНЕСКО шешімімен қабылданған «Білім беру 2030 немесе Тұрақты дамудың мақсаттары 4» жаңа жаһандық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан басқа да қатысушы мемлекеттер секілді «барлық адам үшін өмір бойы білім алу мүмкіндігін ілгерілетуді және толық әрі әділ сапалы білім беруді қамтамасыз етуге міндетті». Кәсіби жолдың табыстылығы, сайып келгенде, адамның өз өміріне қанағаттануы сапалы білім деңгейіне, еңбек нарығындағы конструктивті мінез-құлыққа және ең алдымен мамандықты дұрыс таңдауға байланысты болады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі (бұдан әрі – ЕБҚ) бар түлектерге кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мен әлеуметтендіру мәселелерін қарастыру қажеттілігі туындап отыр. ЕБҚ бар балаларды табысты кәсібилендіру үшін оларда өздеріне, өз мүмкіндіктеріне оң қатынасын, өздерінің психофизиологиялық ерекшеліктерін максималды түрде адекватты бағалау қажеттілігін түсінуін дамыту маңызды. Қазақстандағы нормативтік құқықтық құжаттар бүгінгі күні әрбір баланың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оның білім алу құқығын қамтамасыз етеді. Сол себепті ЕБҚ бар білім алушыларды кәсіптік бағдарлау үздіксіз процесс болып табылады және барлық жас кезеңдерінде мақсатты түрде жүзеге асырылады. ЕБҚ бар білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау процесі олардың жеке дамуының өте маңызды сәті болып табылады. Қазіргі динамикалық әлеуметтік-экономикалық жағдайларда жалпы білім беру ұйымдарының адаптивті, әлеуметтік-еңбек, зияткерлік, психологиялық-педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерінің жоғары деңгейіне ие кәсіптік бағдарланған түлектеріне сұраныс өсуде. Осылайша, кәсіптік бағдар және кәсіптік өзін-өзі анықтау «өмір бойы білім беру» парадигмасын іске асыру үшін қажетті құзыреттілікке ие болудың маңызды шарты болуы тиіс. Осыған байланысты жалпы педагогикалық принциптерге сүйене отырып, ғылыми-әдіснамалық тәсілдерді, психологиялық әзірлемелерді ескере отырып, кәсіптік бағдар беру бойынша жүйелі педагогикалық қызметті ұйымдастыру қажет. Еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде ЕБҚ бар балаларға кәсіптік бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «ЕБҚ бар балалардың мамандық таңдауында отбасы, мектеп және жұмыспен қамту мекемелерінің арасындағы өзара іс-әрекеті бойынша әдістемелік ұсынымдар» құралына (Академия сайты: www.nao.kz), «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын анықтау және диагностика жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға» ( Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі №150 бұйрығына қосымша) https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=34241215#pos=4;-116, «Мүгедектігі бар адамдар үшін ұсынылатын кәсіптер атласына» (ҚР ЕХӘҚМ) https://www.enbek.kz/ru/atlases-professions жүгінуге кеңес береміз. Инклюзивті білім беру жағдайында ЕБҚ бар білім алушыны психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі мақсаты оның оңтайлы дамуын, қоғамға сәтті кірігуін қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі әрдайым дербестендірілген және мұғалім топпен жұмыс істесе де, белгілі бір білім алушыға бағытталған болуы тиіс. Критериалды бағалау жүйесінің көмегімен әрбір білім алушының дайындық деңгейін, оқудағы жеке прогресін анықтау білім алушылардың оқуға деген ынтасын ғана емес, мектептегі білім беру процесінің сапасын да арттыруға ықпал етеді. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға және жеке оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға қорытынды аттесттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді. Бұл ретте мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі ЕБҚ бар әрбір білім алушының жеке психофизикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, ЕБҚ бар балалар үшін қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру процесінде арнайы жағдайлар жасау жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Осы ұсынымдардың негізінде педагогикалық кеңесте ЕБҚ бар білім алушылар үшін, оның ішінде жеке оқу бағдарламалары бойынша оқитын білім алушылар үшін қорытынды аттестаттау рәсімінің тәртібі мен арнайы шарттары бекітіледі. ЕБҚ бар білім алушылардың білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау білім алушылардың денсаулығы мен физикалық жағдайын қолдауға: балалардың денсаулығын сақтау режимін ұйымдастыруға, физикалық белсенділіктің жеке таңдалған формаларына тартуға; білім алушылардың зияткерлік дамуын қолдауға бағытталғанын есте сақтаған жөн. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «ЕБҚ бар балалардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда» педагогтерге ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес ЕБҚ бар білім алушылар үшін арнайы жағдайлардың сипаттамасы ұсынылады. Қазіргі уақытта білім алушылардың тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына және өмір сүру жағдайларына қарамастан сапалы білім алу үшін тең жағдай жасау білім беру жүйесін дамытудың келешекті бағыты болып табылады. Мұндай жағдайларды жасауда қашықтан оқытуды көздейтін және көп жоспарлы білім беру міндеттерін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген қашықтан білім беруді дамыту шешуші рөл атқарады. Педагог пен ЕБҚ бар білім алушының отбасы мүшелерінің күш-жігерін біріктіру олардың бір-бірінің позициялық теңдігін өзара және тең құрметпен тануымен ғана мүмкін болады. Бұл бағыттағы алғашқы қадамды педагог жасауы тиіс, себебі бұл оның құзыреті шегінде әрі оның кәсібилігін көрсетеді. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің барлық қатысушыларының бірлескен жұмысының негізінде білім алушыларға қиындықтарды жеңуге, бағдарламалық материалды игеруге, оқу іс-әрекетіне оң мотивация қалыптастыруға және әлеуметтік өзара әрекеттесудің негізгі әдістерін игеруге уақытылы және сапалы көмектесуге болады. Оқу процесіне қатысушылар мен ата-аналар арасындағы серіктестік жағдайында ЕБҚ бар әр бала үшін дұрыс білім беру бағытын анықтауға болады. ЕБҚ бар білім алушылармен қашықтан режимде жұмыс істеу бойынша ұсынымдарды толығырақ Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдардан, Академия сайтында «Қашықтан оқыту» айдарынан https://nao.kz/blogs/fromorg/2/94 табуға болады.
жүктеу/скачать 1,13 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |