«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»


«Ерте жастан экологиялық мәдениет»



бет23/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

«Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобасы аясында тәрбиелік іс-шаралар кешенін іске асыру экологиялық тәрбиені қалыптастыруға, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға ықпал етеді. Мысалы, пәндік салалар арқылы білім алушылар өсімдіктердің әр түрімен және декоративті өсімдіктерді көбейту тәсілдерімен (биоалуантүрлілік); білім беру ұйымдарында және үйде энергия тұтыну құрылымымен және оны үнемдеу тәсілдерімен (энергия үнемдеу); мектепте және үйде суды үнемді пайдалану мүмкіндігімен (су үнемдеу); қалдықтардың пайда болу көздері, оларды азайту тәсілдерін анықтау, қоқысты бөлек жинауды енгізу (қалдықтармен жұмыс істеу) және т.б. танысады.

Сыныптан тыс жұмыстарда келесі ақпараттық-экологиялық, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды: акцияларды, көрмелерді, мектеп пен оған іргелес аумақты үздік көгалдандыруға арналған конкурстарды, экологиялық бастамаларды, жергілікті халыққа экологиялық білім беруді жандандыру қажет. Білім алушыларды экологиялық тәрбиелеудің неғұрлым тиімді нысаны – Эко-фестиваль өткізу: ғылыми жобалар қорғау, эко-квесттер, қоқыстан арт-объектілер жасау бойынша шеберлік сыныптар, экологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми жобаларды қорғау, театрлық қойылымдарды дайындау, қайталама шикізатты пайдалана отырып экоматериалдан бұйымдар жасау мүмкіндігі болып табылады.

Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізін білім беру ұйымдарының, ауданның, қаланың аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру бойынша сенбіліктер; «Жасыл ел» қозғалысы шеңберінде жасыл желектер отырғызу, еріктілер қозғалысы, табиғи аймақтарды қоқыстан тазарту құрайды. Жалпы білім беру ұйымдарында «Экочеллендж», «Экощит», «Экодесант», «Гүлді калейдоскоп», «Ең жасыл кабинет», «Жасыл алтын», «Экожарыс», «Плоггинг» және т.б. жобаларды кеңінен енгізу ұсынылады.

1-11- сыныптарға арналған экология бойынша сынып сағаттарын өткізуге арналған ұсынымдар әзірленді. Экология бойынша сынып сағаттары айына бір рет өткізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет