«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»


«Абай мектептері» желісіне жаңа оқу пәні –



бет58/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

«Абай мектептері» желісіне жаңа оқу пәні – «Абайтану» пәні енгізілді.

«Абайтану» пәні бойынша оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына арналған «Абайтану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.

«Абайтану» пәні 3 бағытта оқытылады:

1) тілтанымдық: Абай шығармаларын талдау;

2) тұлғатанымдық: Абай Құнанбайұлы туралы естеліктер мен ғылыми еңбектерді оқыту;

3) дүниетанымдық: интеграциялық байланыс.

«Абайтану» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты – Абай шығармаларының тілдік қабаты арқылы қазақ әдеби тілінің құнарын, көркем сөздің қуатын, эстетикалық күшін, идеялық мазмұнын меңгертіп, ұлттық мінез-құлық, сапалық ерекшеліктерді, ұлттық кодты таныту, гуманистік-көркемдік, мәдени-тарихи, ұлттық құндылықтарды бағалай алу құзыретін дамыту; Абайдың «Толық адам», ар ілімі, адамшылық мұрат-мақсаты, пәлсапалық көзқарастары арқылы тұлғалық қасиеттерді танытып, білімгерлердің өзіндік даму бағытын, сыни ой-пайымын қалыптастыру; әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік ұстанымы бар, түрлі жағдайда оңтайлы шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру.

«Абайтану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

«Абайтану» пәні білімінің мазмұны келесі бөлімдерге бөлінген:

1) оқу және түсіну;

2) талдау және жинақтау;

3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім).

«Оқу және түсіну» бөлімінде: мәтінді түсініп, мәнерлеп негізгі ой түйіндерін пайымдап оқу, мәтіннің тілдік қабатын (лексикалық, образдық мәнін) игеру, шығарма үзінділерімен жұмыс, шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн, (ауызша, жазбаша) интерпретация;

«Талдау және жинақтау» бөлімінде: әдеби шығарманың композициялық құрылымы, көркем шығарманың идеялық мазмұны, образдар жүйесі, типтік характер, көркем шығарманың тілі, стилі, көркемдік тәсілдер;

«Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімінде: шығармадағы тарихи шындық және көркемдік шешім, рухани және көркем-эстетикалық құндылық; әдеби шығармашылық; әдеби сын бөлімшелері қамтылған.

Оқытылатын көркем шығармалар тізімінде Абайдың өлеңдері, қарасөздері мен поэмалары, сондай-ақ М.Әуезовтің «Абайдың өмірбаяны», «Зерек те талапты жас» мақалаларымен қатар қосымша оқуға да шығармалар тізімі ұсынылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет