«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері
«Дүниежүзі тарихы» пәні білім алушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрметті қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны: әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі, саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі, экономикалық қатынастардың дамуы бөлімдерін қамтиды. Сондықтан 5-9-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» бойынша ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:
5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізу қарастырылған(50-кесте).
50-кесте.«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
5-сынып
|
-
|
2
|
2
|
2
|
6-сынып
|
-
|
2
|
2
|
2
|
7-сынып
|
-
|
2
|
2
|
2
|
8-сынып
|
-
|
2
|
2
|
2
|
9-сынып
|
-
|
2
|
2
|
2
|
2021-2022 оқу жылының ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрығына сәйкес аптасына 1 сағат жүргізілетін пәндер бойынша ТЖБ өткізілмейді.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына 14-4 пункті енгізілген:
14-4. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Осылайша, «Дүниежүзі» оқу пәні бойынша 5-9 сыныптарда бөлім үшін ғана жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жартыжылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |