316
4) өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген, емдеу-
профилактикалық мекемелерінде,
тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық
камераларда,
уақытша
оқшаулау
үй-жайларында
жатқан,
сондай-ақ
мекемелердегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас
мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға өз бетінше бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білім алу үшін жағдайлар жасалады.
«Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18
тамыздағы № 516 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 573 бұйрығымен толықтырулар
енгізілген) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм алуын
ұйымдастыру тәртібін
айқындайды.
Сабақ кезеңдерінде білім алушыларды сабақтан қол үзумен байланысты
мерзімнен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынады.
Мектепті бітірген сотталғандарға мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі. Осы
құжат, сондай-ақ үлгерімі және сабаққа қатысу табелі сотталғандардың жеке
істерінде сақталып, жазасын өтеуден босатылғаннан кейін қолдарына беріледі.
Тәртіптік изоляторға қамалған, бір адамдық камераға ауыстырылған,
қауіпсіз жерде болу кезеңінде, сондай-ақ жазаны өтеудің
қатаң жағдайларында
болу кезеңінде мектептің білім алушылары мектепке шығарылмайды. Оларға
дербес оқу және оқытушылардан консультациялар алу мүмкіндігі беріледі.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде емдеу-профилактикалық
мекемелеріндегі, тәртіптік изоляторлардағы, жалғыз адамдық камералардағы,
уақытша оқшаулау үй-жайларындағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің
мекемелерінде мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін
қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған өмір бойына бас бостандығынан
айыруға сотталғандарға бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді өз бетінше
алуы үшін жағдайлар жасалады.
Сотталғандарға өз бетінше оқу және оқытушылардан консультациялар
алу мүмкіндігі беріледі. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға
сотталғандарға оқытушылар қажетті әдістемелік
және консультациялық
көмекті жеке тәртіпте көрсетеді.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде емдеу-профилактикалық
мекемелеріндегі, тәртіптік изоляторлардағы, жалғыз адамдық камералардағы,
уақытша оқшаулау үй-жайларындағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің
мекемелерінде мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін
қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға әдістемелік және
консультациялық көмек жеке не топтарда ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30
қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2021ж. 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен толықтырулар
енгізілген) бекітілген «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидаларын» сәйкес Мектептің
білім беру процесін
317
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы
заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Республиканың мектептеріндегі оқу процесі Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №
500
бұйрығымен
бекітілген (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен толықтырулар
енгізілген) Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім берудің
Достарыңызбен бөлісу: