181
іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің
үлгі қағидалары» (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193
бұйрығымен енгізілген) 12-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау
(БЖБ) тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер тоқсанына төрт және
одан да көп бөлімдерді оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың
ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі.
Оны екі кезеңде өткізуге болады.
Әр тоқсанның ұзақтығын, оқу жүктемесінің көлемін ескере отырып, жаңа
оқу жылында 15.2-кестеде көрсетілгендей бөлімдер бойынша жиынтық бағалау
(БЖБ) келесі саны ұсынылады.
15.2-кесте 7-9 сыныптардағы бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Үлгілік оқу жоспарлары
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
7 сынып
2
2
2
2
8 сынып
3
3
3
3
9 сынып
3
3
2
3
Сынып
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарлары
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
7 сынып
2
2
2
2
8 сынып
2
2
2
2
9 сынып
2
2
2
2
Бөлім үшін жиынтық бағалауды жүргізу кезінде қағаз түрінде де,
компьютерлік форматта да бағалау жүргізу ұсынылады.
Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда
бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді,
қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жаратылыстану-математика бағыты
және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Химия» оқу пәнінен әр
тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нақты саны 15.3-
кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: