116
9-тармағына сәйкес БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе
шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу
және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен
белгілейді.
БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан
артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы
керек.
12-тармағына сәйкес БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді.
Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ
тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және
оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде
өткізуге болады.
Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын академиялық адалдық
принциптерін сақтай отырып педагог өзі дайындайды.
Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол
оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады.
Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізгі және төмендетілген оқу жүктемесі
бойынша) сәйкес 5-11-сыныптарда оқытылатын «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен әр
тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны көрсетілген
(6.3-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: