«Өлкетану»
материалдары
кіріктірілген.
Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы,
экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және
көркемөнері. Өлкетану өзіңнің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп
қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке
қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді.
«Өлкетану» материалдарын оқыту:
- білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған
жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен
ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру;
- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени
нысандары туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір
мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет
сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға
бағытталған.
Өлкетану материалдары
6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат
көлемінде
оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім
мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына енгізілді. Оқу
бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар
бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану»
материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады.
6-сыныпта «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау
өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және
тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің
ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың
шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның
көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға
үйрету ұсынылады.
7-сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем»
электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-
журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар
туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі,
эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге,
113
энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық
энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ
әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік
оқу бағдарламасының
ерекшеліктері:
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша
8-9-сыныптарда «Қазақ әдебиеті» оқу пәніне 2 сағат бөлінген (6.1-кесте) және
осы сыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәні
оқу жүктемесі төмендетілген
үлгілік
оқу бағдарламасымен оқытылады.
Оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспары бойынша әзірленген оқу
бағдарламасында 8-9-сыныптарға «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен әзірленген
негізгі Үлгілік оқу бағдарламасында қарастырылатын бөлімдер мен оның
аясында оқытылатын шығармалар тізімі толығымен сақталған. Айырмашылығы:
ұзақ мерзімді жоспардағы жыл бойы бірнеше рет қайталанып келетін оқыту
мақсаттарының қысқартылуында.
«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік
ерекшеліктер
➢
Әдебиетті оқытуда:
- білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау;
- олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау
көрсету;
- дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау, алған білімін
өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру;
- жанрларды меңгерту;
- көркем шығармаларды толық оқуға міндеттеу;
- кітап оқуға қызығушылығын арттыру;
- қосымша әдебиеттер оқуға ынталандыру.
Қазақстан 2009 жылдан бастап үш жылда бір рет өткізіліп тұратын PISA
халықаралық зерттеуіне қатысады. PISA зерттеуінің негізгі бағыттарының бірі –
оқу сауаттылығы. Ол тек оқу техникасы мен мәтiннің мазмұнын түсiнуді ғана
емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда
қолдана білуін бағалайды.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша бір сабақта бір немесе бірнеше оқу
мақсатын алып, сабақ жоспарлауға болады. Мұғалім оқу мақсаттарының
комбинациясын шебер пайдалана білуі керек. Пән мұғалімдері оқушыларды
өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы
жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне
талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы
ұстануы тиіс.
Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту
тәсілдерін қолдану арқылы тәрбиелейді және дамытады.
Оқу процесінде білім алушының ынтасын, қызығушылығын арттыруға
бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:
- әдеби шығармаларды талдауда болжам жасау, жанрын, фабуласын,
сюжетін, шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені, идеясын
114
анықтау, дәлелдер келтіре алу, кейіпкерлерді сипаттау, өзара салыстыру, тарихи
және көркемдік құндылығына баға беру және өз ойын, пікірін жеткізе білу
қабілеттерін дамытуға ынталандыратын жағдайлар жасау;
- іс-әрекеттердің белсенді түрлерін ұйымдастыру және тиянақты
сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта
оқыту;
- оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуін қажет ететін
проблемалық жағдаяттар туындату және проблемаларды шешу стратегияларын
модельдеу және көрсету;
- оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке ала
отырып, сараланған тапсырмалар әзірлеу;
-
сабақта білім алушының біліміндегі олқылықтарды уақытында
анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі
әдістерін қолдану.
Пәнаралық байланыс – оқытудың ерекше категориясы болғандықтан,
оқушылардың әдебиеттен жүйелі білім алуын арттыру үшін оқу әдістерін
белсендендіру қажет. Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс оқушылардың
эстетикалық талғамын және сурет, музыка, кино өнерлеріне ұмтылысын
қалыптастырады. Шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешім көрінісін,
топонимикалық, ономастикалық атаулардың маңыздылығын түсіне отырып,
оқылған шығарманы бейнелеу және музыка өнерімен ұштастыра отырып,
пәнаралық
байланысты
кеңінен
қолдану
оқушының
дүниетанымын
қалыптастырады.
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде
мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер)
маңызды болып табылады.
Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге сәйкес
болуы қажет:
-
тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;
-
сараланған тапсырмаларды ұсыну;
-
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру;
-
проблемалық оқытуға негізделуі.
Эссе, шығарма жазу, презентация жасау және т.б. бойынша тапсырма беру
барысында оқушыларды тапсырманың критерийлерімен таныстыру ұсынылады.
Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі.
Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда,
оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сындарлы
оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастырыла отырып,
жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы:
оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге ықпалын
тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген
таяз білім болады. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету
үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да
дағдыларды, алған білімін өмірде қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар
білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді
115
қатысуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |