2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет32/176
Дата08.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#149024
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   176
Байланысты:
2022-2023-ou-zhylynda-azastan-respublikasyny-orta-bilim-beru-yymdarynda-ou-trbie-protsesin-yymdastyrudy-erekshelikteri-turaly-distemelik-nsau-khat

2.5 Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру 
Отбасы мен мектептің өзара байланысы 
Отбасы мен мектептің педагогикалық өзара әрекеттесуінің мақсаты – 
баланың жайлы, қуанышты, бақытты өміріне, оның жеке басының дамуына 
жағдай жасау. 
Отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуінің мәні ең алдымен: 
-
отбасындағы тәрбие жағдайларын зерттеу; 
-
ата-аналармен жеке және топтық жұмыс жүргізу; 
тақырыптық ата-аналар жиналыстары; 
-
ата-аналарды оқудан тыс қызықты, мазмұнды іс-шараларды
ұйымдастыруға тарту; 
-
баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау. 
Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы білім алушының электрондық
күнделігі, телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, әңгімелесу, жеке 
консультациялар, сынып ата-аналар жиналысы, ашық сабақтар, ашық есік 
күндері, сыныптан тыс іс-шаралар (ата-аналармен бірлескен мерекелер, 
экскурсиялар, сапарлар, саяхаттар), балалар жұмыстарының көрмелерін 
ресімдеу (суреттер, аппликациялар) және т. б. арқылы жүзеге асырылады. 
Ата-аналар жиналысын өткізу бойынша ұсыныстар: 
-
Ата-аналар жиналысында балалардың оқудағы қателіктері мен
сәтсіздіктерін емес, ата-аналарды сындарлы және ағарту жұмыстарын жүргізу 
керек. 


50 
-
Жиналыстың тақырыбы балалардың жас ерекшеліктеріне бағытталуы 
тиіс. 
-
Жиналыс теориялық және практикалық сипатта болуы керек:
жағдайларды талдау, тренингтер, пікірталастар және т. б. 
-
Жиналыс оқушының жеке тұлғасын талқылаумен немесе айыптаумен 
айналыспауы тиіс. 
Қамқоршылық кеңес және оның қызметін ұйымдастыру 
Қамқоршылық кеңестің мақсаттары: 
білім беру ұйымдарына жәрдемдесу, бекітілген жарғылық функцияларды 
орындау; 
білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогтары үшін қажетті 
жағдайлар жасау; 
білім беру ұйымдарына қаржылық қолдау көрсету, материалдық-
техникалық базаны нығайту; 
білім беру ұйымын одан әрі дамытуға жәрдемдесу. 
Қамқоршылық кеңестің қызметі «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі 
Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген 
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру 
ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен» реттеледі. 
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар 
комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік 
органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл 
жасайды. 

«Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі: қызмет ету ерекшеліктері» 
тақырыбында әзірленген әдістемелік ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық 
білім академиясының сайтында орналасқан (https://uba.edu.kz/qaz).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет