20
11-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қорытынды аттестаттау
ауызша түрде өткізіледі.
2022-2023 оқу жылында Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі»
аттестатын алуға үміткерлер үшін «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні
бойынша қорытынды аттестаттау (жазбаша емтихан) «НЗМ» ДББҰ
филиалдарының базасында өткізіледі. (2008 жылғы 18 наурыздағы № 125
бұйрыққа 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген өзгерістер
мен толықтырулармен).
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды мұғалімдер жиынтық
бағалау түрінде бөлімдерді (қиын тақырыптарды), тоқсандық оқуды аяқтағаннан
кейін оқу материалының мазмұнын игеру деңгейін анықтау және бекіту үшін
жүзеге асырады.
1-сыныпта оқушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды.
Достарыңызбен бөлісу: