2
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
«2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ»
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
Нұр-Сұлтан
2022
3
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
Ғылыми-әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылды
(2022 жылғы 21 шілдедегі №8 хаттама).
«2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру
ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
туралы». Әдістемелік нұсқау хат.
– Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин
атындағы
ҰБА, 2022. – 320 б.
Әдістемелік нұсқау хатта Қазақстан Республикасы білім беру
ұйымдарының мектепалды және 1-11-сыныптарында 2022-2023 оқу жылындағы
оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.
Әдістемелік нұсқау хат орта білім беру ұйымдарының басшыларына,
педагогтеріне,
әдіскерлерге, білім басқармалары мен бөлімдерінің, білім беру
саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің
басшылары мен
мамандарына арналған.
© Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022
4
Құрметті әріптестер!
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
Әдістемелік нұсқау хат жыл сайын орта білім беру ұйымдарына
жолданады. Дәстүрлі түрде бұл хатты
педагогтер оқу жылының
басында алады.
Әдістемелік нұсқау хаттың мақсаты - еліміздің білім беру
ұйымдарына әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау көрсету.
Пандемияның екі жылдық кезеңінен кейін білім беру ұйымдары
дәстүрлі оқыту форматына көшті. Білім алушылардың біліміндегі
олқылықтардың орнын толықтыру алдағы
оқу жылында да өзекті
міндет болып қала береді.
Мектеп басшылығы мен педагогтер білім алушылардың
біліміндегі олқылықтарды анықтау,
олардың орнын толықтыру
жұмысын ойластыру және тиімді жүргізу маңызды. Оқу үлгерімі
төмен білім алушылармен арнайы жұмысты ұйымдастыру қажет.
Білім беру процесі білім алушыларға бағытталғандықтан оған
қолайлы да, қауіпсіз орта құруға негізделуі тиіс. Тәрбие жұмысын
ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт баланың жеке басына тілектестік
қарым-қатынас, құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу болып
табылады.
Алдағы оқу жылының ерекшеліктерінің
бірі балалардың
қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға қойылатын талаптарды күшейту, ерекше
білім беруге қажеттігі бар білім алушылар үшін жағдай жасау болып
табылады.
Орта білім беруде білім алушылардың метапәндік дағдылары мен
құндылықтарын қалыптастыруға және дамытуға, ерте кәсіптік бағдар
беруге, инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыруға баса назар
аударылатын болады.