3.5 Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Отбасы мен мектептің өзара байланысы
Отбасы мен мектептің педагогикалық өзара әрекеттесуінің мақсаты –
баланың жайлы, қуанышты, бақытты өміріне, оның жеке басының дамуына
жағдай жасау.
Отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуінің мәні ең алдымен:
-
отбасындағы тәрбие жағдайларын зерттеу;
60
-
ата-аналармен жеке және топтық жұмыс жүргізу;
тақырыптық ата-аналар жиналыстары;
-
ата-аналарды оқудан тыс қызықты, мазмұнды іс-шараларды
ұйымдастыруға тарту;
-
баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы білім алушының электрондық
күнделігі, телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, әңгімелесу, жеке
консультациялар, сынып ата-аналар жиналысы, ашық сабақтар, ашық есік
күндері, сыныптан тыс іс-шаралар (ата-аналармен бірлескен мерекелер,
экскурсиялар, сапарлар, саяхаттар), балалар жұмыстарының көрмелерін
ресімдеу (суреттер, аппликациялар) және т. б. арқылы жүзеге асырылады.
Ата-аналар жиналысын өткізу бойынша ұсыныстар:
-
Ата-аналар жиналысында балалардың оқудағы қателіктері мен
сәтсіздіктерін емес, ата-аналарды сындарлы және ағарту жұмыстарын жүргізу
керек.
-
Жиналыстың тақырыбы балалардың жас ерекшеліктеріне бағытталуы
тиіс.
-
Жиналыс теориялық және практикалық сипатта болуы керек:
жағдайларды талдау, тренингтер, пікірталастар және т. б.
-
Жиналыс оқушының жеке тұлғасын талқылаумен немесе айыптаумен
айналыспауы тиіс.
Қамқоршылық кеңес және оның қызметін ұйымдастыру
Қамқоршылық кеңестің мақсаттары:
білім беру ұйымдарына жәрдемдесу, бекітілген жарғылық функцияларды
орындау;
білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогтары үшін қажетті
жағдайлар жасау;
білім беру ұйымдарына қаржылық қолдау көрсету, материалдық-
техникалық базаны нығайту;
білім беру ұйымын одан әрі дамытуға жәрдемдесу.
Қамқоршылық кеңестің қызметі «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі
Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру
ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен» реттеледі.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар
комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік
органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл
жасайды.
✓
«Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі: қызмет ету ерекшеліктері»
тақырыбында әзірленген әдістемелік ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясының сайтында орналасқан (https://uba.edu.kz/qaz).
|