2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет170/181
Дата08.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#161847
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық

31. ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ 
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қазақстан Республикасының білім беру саясаты міндеттерінің қатарында - 
адамгершілік-рухани тұлғаны қалыптастыру үшін тиісті жағдайлар жасау, 
патриотизмге, толеранттылыққа, азаматтық сана-сезімге тәрбиелеу, жалпы 
адами құндылықтарды, шығармашылық қабілеттерді, креативті ойлауды және 
өскелең ұрпақты әлеуметтендіруді дамыту. 
Балалар мен жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтудің, 
оларды өзін-өзі табысты жүзеге асыруға тартудың тиімді тәсілі балаларға 
қосымша білім беру болып табылады. Қосымша білім беру-білім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 
жүзеге асырылатын тәрбиелеу және оқыту процесі (ҚР «Білім туралы» Заңының 
1-бабының 39-тармақшасы). 
Балаларға қосымша білім беру жүйесі ашықтыққа, ұтқырлыққа және 
икемділікке ие бола отырып, баланың, отбасының, қоғамның, мемлекеттің 
мүдделері үшін «уақыт сындарына» тез және дәл жауап бере алады. 
Балаларға қосымша білім берудің құндылығы-бұл жалпы білімнің 
өзгермелі компонентін күшейтеді, жасөспірімдерге кәсіби өзін-өзі анықтауға 
көмектеседі, балалардың мектепте алатын күштері мен білімдерін жүзеге 
асыруға ықпал етеді. 
Балаларға қосымша білім беру мектептен тыс қосымша білім беру 
ұйымдарында да, сондай-ақ мектепте, мектепке дейінгі ұйымдарда, колледждер 
мен жоғары оқу орындарында, мәдениет, спорт ұйымдарында, жеке ұйымдарда 
бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ақылы қызметтер есебінен іске 
асырылады. 
Балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың жан-жақты 
қажеттіліктері балаларға қосымша білім берудің әлеуметтік-педагогикалық, 
ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, көркем-
эстетикалық, музыкалық, әскери-патриоттық, спорттық-сауықтыру және басқа 
да бағыттары бойынша қамтамасыз етіледі. 


303 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет