2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет61/181
Дата08.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#161847
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық

«Қазақ 
тілі»
пәнінен
(жаратылыстану-
математикалық бағыт
аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет 
болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық 
жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. 
Ескертпе
:
 
Тілдік пәндерде бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу 
қызметінің
 
екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым 
және жазылым). 
13-тармағына сәйкес Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала 
отырып, бір күнде үштен артық ТЖБ өткізуге болмайды. ТЖБ тоқсан аяқталатын 
соңғы күні өткізілмейді. Бір оқу пәні бойынша БЖБ мен ТЖБ бір күнде 
өткізілмейді.
9-сынып білім алушыларына қорытынды аттестаттауды өткізу 
бойынша ұсынымдар:
 
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды 
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 
мамырдағы № 193 бұйрығының 39-тармағында былай көрсетіледі: «9 (10) сынып 
білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі: 
1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер 
үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан


105 
гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары 
үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе)».
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау білім мазмұны бойынша негізгі 
орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша 
үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды. Білім алушылардың білімі, 
білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС-тан күтілетін нәтижелермен анықталады. 
11-сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтиханын өткізу 
туралы 
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды 
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 
мамырдағы №193 бұйрығының 41-1-тармағына сәйкес: «11 (12) сынып білім 
алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін 
мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан» деп 
көрсетіледі. 
5 Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні 
бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары 
Элективті курстар мазмұнына білім алушыларға «Қазақ тілі» пәнінен 
берілетін білім мазмұны функционалды сауаттылыққа негізделе отырып, 
коммуникативтік тілдік қарым-қатынасқа кез келген уақытта, кез келген 
жағдайда еркін, ойын ашық та түсінікті, нақты жеткізе алатындай дәрежеде 
оқыту жатады. Яғни оқушы алған білімін өмірде қолдана алатындай дәрежеде 
болуы керек. Сонымен қатар, ұлтының салт-дәстүрін, ділін, дінін, мәдениеті мен 
ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді бала бойына сіңіруге бағытталған 
тақырыптар алынып, сол бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақ тілі» 
пәні бойынша жүргізілетін элективті курсқа төмендегідей тақырыптар 
ұсынылады: 
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет