Инклюзивті білім беру жағдайында білім алуды ерекше қажет ететін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың сындық жүйе технологиясы



Дата07.02.2022
өлшемі14,29 Kb.
#87058
Байланысты:
6 апта инклюзив
6 апта инклюзив

Инклюзивті білім беру жағдайында білім алуды ерекше қажет ететін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың сындық жүйе технологиясы

Қорытындылар:


Қалыптастырушы бағалау техникасы мұғалімге оқушының, бөлек топтың және жалпы сыныптың оқытудағы мәселелерді шешуге көмектеседі. Қалыптастырушы бағалау техникасын оқытудағы барлық кезеңдерінде өткізілуі қажет, оқушыларды бағалау кезінде оларды қандай нәтижеге әкелгісі келетінін нақты білуі қажет. Журналда деректерді жинау және тіркеу қалыптастырушы бағалау техникасының қолданылуының нәтижелерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Техника Пайдалану тәртібі Кулак- ладонь Fist toFive жұлдырығы Мұғалім оқу мәліметтері қаншалықты түсінікті екендігін білу үшін жұлдырықты пайдалануды сұрайды. Жұлдырық мынадай мағынаны білдіреді: «Мен ештеңе де түсінген жоқпын», ал бес саусақтың көрсетілуі : «Маған барлығы түсінікті» деген мағынада. Яғни оқушылар аңғару деңгейіне байланысты 1,2,3 немесе 4 саусақ көтере алады. Бұл мәліметтерге сүйене мұғалім келесі сабақты оқушыларға түсінікті болатындай етіп түзетеді. Жауаптардың шындығын дәлелдеу үшін мұғалім оқушыны тақтаға шақырады, айтылған мәліметтерді жұлдырық көтерген оқушыларға, 1-4 дейінгі саусақтарды көрсеткен және басқа да оқушыларға түсіндіруді сұрайды.
Проверка лобового стекла Алдыңғы әйнекті тексеру
Бұл техниканы мұғалім бүгінгі сабақта оқушы материалды қаншалықты түсінгенін және оқушы оны бағалау үшін қолданады. Көліктің алдыңғы әйнек аналогиясын қолдана отырып, оқушылар келесі нұсқалардан олардың не білетінін нақтыанықтайды: Таза- Мен түсіндім! Мен бұл мәліметтерді толықтай түсінемін. Бұлдыр - Мен бұл мәліметтің көбісін түсіндім, бірақ түсінбеген заттар да бар. Лас - Мен түсінбедім! Бұл техника оқу процесін жалғастырудан бұрын маңызды немесе шамалы мәселенің бар екендігін көрсетеді, яғни оқу процесіне елеулі немесе шамалы өзгертулерді еңгізуді талап етеді.
Аналогия Аналогия
Мұғалім оқушыларды білетін, я таныс заттармен және жаңа ғана танысқан ақпаратпен аналогия табуды сұрайды. Мысалы, атом үшін аналогия табу. Нұсқа ретінде қоғам болуы мүмкін. Атом өзегі отбасыға ұқсас. Өзектің жанында ұшатын электрондар қоғам мүшесіне ұқсасты, біз олармен тұрақты немесе тұрақсыз өзара әрекет жасаймыз. Одан кейін оқушыларды таңдалған аналогияны түсіндіруді сұрау, яғни ол тақырыпты қаншалықты аңғарғанын көрсетеді.
Double Entry Journals Журнал с двойным входом Екі жақты кіру журналы Мұғалім оқушыларға жасалып жатқан жұмыстың материалдарына өзінің ойын білдіртуге және белсенді талқылауға мүмкіншілік береді. 1. Қақ ортасынан бетті екі бөлікке бөлу. Сол жақтағы бөлімде оқу процесінде болатын оқу материалдарынан кескіндер немесе қысқа сөйлемер беріледі. Ал оң жақтағы бөлімде оқушылар сол жақтағы бағанда берілген сөйлемдерге өзінің пікірін жазады.
2. Оқушыларға оң жақтағы бағанда не жазу керек екендігін түсіндіру, мысалы, «сол бағандағы жазылған сөйлемдерге өздерінің ой-пікірлеріңді, бұл сөйлемдерге қатысты өмірде болған жағдайларыңды жазыңдар немесе болжамдарыңды жазыңдар.» Бұл техника оқушыларға оқу материалын түсінуден басқа, оны есте сақтауға да көмектеседі.
Граффити на стенах Қабырғадағы Оқытушы бөлменің бір бұрышын төбеден еденге дейін қара түсті қағазбен жабады. Бұл қабырға граффити үшін арналған деп айтады. Бұл қабырғада түрлі түсті бормен 25 граффити тек өзінің дәптерінде тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар ғана сурет сала алады. Бұл техниканың тиімді әсерінің бірі болып оқушылар өздерінің нәтижелерін визуализациялауға және жазу дағдысын нығайтуға көмектеседі. Қарсы қабырғада керісінше ақ түсті қағазбен төбеден еденге дейін жабады, бұл қабырғада оқушылар өзінің оқу материалынан шыққан қиыншылықтарын , деректерін немесе өз пікірлерін қалдыра алады. Осылайша, алынған ақпаратқа сүйене отырып оқытуды жоспарлауға болады. Научите друга Бір-біріңді үйрет Бұл техника екі немесе одан да көп оқушылардан немесе бүкіл сыныптың қатысуымен таныстырылым түрінде қолданылады. Мұғалім екі оқушыны қосып бір-біріне оқу материалдарымен бөлісуді сұрайды. Оқушылар оқу материалын тек түсінуді ғана емес, оны басқа оқушымен өзара аламасуды қажет етеді. Техниканың үлгісіне қарамастан, бұл техника алынған білімді нығайтудан және бағалаудан нәтижелі амалдың бірі болып саналады, одан басқа оқушылардың айту және тыңдау дағдысын күшейтеді.
Внутри-Вне круга Шеңбер ішішеңбер сырты Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы шеңбер тәрізді пішінге ұқсас тұрады, бұл шеңбер ішкі және сыртқы болып құрастырылады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, бұл сұрақты ойлауға уақыт беріледі, жауап қарама-қарсы тұрған оқушыға қайтады. Келесі қадам, ол іштегі шеңберде тұрған оқушылар солға қарай қозғалады, ал мұғалім сұрақ қоюды жалғастырады. Осылайша, барлық сұраққа жауап қайтпағанша оқушылар қозғалысты тоқтатпайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет