10
Модернизация кезеңдері және Қазақстан Республикасының
экономикалық реформаларының ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
Тәуелсіз Қазақстан
дамуының өтпелі кезеңінің
әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарын талдап, баға беру
Сабақтың сұрақтары:
1. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары және оларды еңсеру жөніндегі шаралар.
2. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту.
3. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және одан шығу жолдары.
4. «Нұрлы жол» экономикалық даму жоспары.
Әдебиет
1. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.
2.
Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. – Алматы, 2003
3.
Назарбаева Н. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007.
4.
Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана
ХХ в. – Алматы, 1997.
5.
Брутенц К. Происхождение нового мышления.// Свободная мысль –
ХХІ. 2204. №11. 17-наурыз.
6.
История Казахстана: народы и культуры: Учебное пособие.-Алматы,
2001.
7.
Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). Т.1-2. – Алматы, 1998.
8.
Кунаев Д.А. О моем времени. – Алматы, 1992.
9.
Новейшая история Казахстана: сборник документов и материалов. Т.1
(1917-1939 гг.). – Алматы, 1998.
10.
Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері.
Көмекші оқу құралы. – Алматы, 2003.
11.
Райханов Н. Реформа және дағдарыс.// Ақиқат. 1995. №7. 46-48-бб.
Бірінші сұрақта,
ең алдымен, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы
экономикалық жағдайға сипаттама беру қажет. Ол үшін
КСРО ыдырауының
экономикалық себептерін еске түсіріңіздер.
КСРО экономикасында Қазақстан қандай рөл атқарды?
Егеменділікке аяқ басқан кезде елімізде қандай күрделі экономикалық
мәселелер тұрды?
Экономикалық дағдарыстан шығудың қандай жолдары болды?
«Ең әуелі экономика – сонан соң - саясат»
деген қанатты нұсқаманы
қалай түсінесіздер?
Екінші сұрақта
нарықтық экономикаға өту жолдарын жән оның нәтижелерін
талдау қажет.
Нарық дегеніміз не және нарықтық экономиканың
негізгі белгілері
қандай?
Жекешелендіру үрдісі қалай жүргізілді және оның нәтижелері қандай?
Инвестициялық саясат: сіздің көзқарасыңыз.
Қазақстан экономикасын реформалаудың негізіг бағыттарына
сипаттама беріңіз.
Қазақстан өнеркәсібі: кешегісі мен бүгінгісі. Баға беріңіз.
Ауыл шаруашылығында болған өзгерістер: оң және теріс нәтижелері.
Қаржы жүйесінде қандай өзерістер болды?
Инфрақұрылымның дамуына баға беріңіз.
Үшінші сұрақта
Дүниежүзілік экономикалық
дағдарыстың себеп-салдары
мәселесін талқылау қажет.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс қашан және қалай басталды?
Дағдарыстың Қазақстан экономикасына ықпалы қандай?
Қазақстан үшін дағдарыстан қорғану,
экономикалық қиыншылықтарға
төтеп беру жолдары бар ма?
Ұлттық қор туралы не білесіздер және оның Қазақстан экономикасына
көмегі қандай?
Индустриалды-инновациялық даму дегеніміз не
және мемлекеттік
бағдарламаның негізгі бағыттары туралы айтып беріңіздер?
XXI ғасырдағы экономиканың Қазақстандық үлгісі дегенімізді қалай
түсінесіздер?
Төртінші сұрақта
«Нұрлы жол» экономикалық
даму жоспарына талдау
жасап, баға беру қажет.
Бағдарламаның негізгі бағыттарын анықтаңыздар.
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырулуы туралы баяндап
беріңіздер.
Рефераттар мен пікірталас(дискуссия) тақырыптары:
1. Қазақстанның экологиялық проблемалары.
2. Жекешелендіру кезіндегі олқылықтар.
3. Қазақстан экономикасы шикізаттық бағытын өзгерте алды ма?
4. Инвестициялық саясаттың астары.