2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет78/181
Дата08.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#161847
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық

«Рухани адамгершілік тәрбие»
бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, 
адамгершілік және азаматтық сана-сезімді, жеке ар-намысының құндылығын, 
парасаттылық пен адалдықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін 
қалыптастырады.
 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың ерекшеліктері (оқыту қазақ 
тілінде жүргізілмейтін), 5-11 сыныптар 
1.
 
Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және Жалпы орта білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-11 
сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты: негізгі орта білім беру 
деңгейіне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты–
оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық 
мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана 
білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 
2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу 
жоспарларымен (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 
бұйрықтармен бекітілген) жүзеге асырылады:
1)
Негізгі Үлгілік оқу жоспарлары; 
2)
төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары. 


129 
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру 
деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі 
болады (7.6-кесте). 
7.6-кесте – 5-11-cыныптар «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні Үлгілік оқу 
жоспары 
Сынып 
Оқу пәнінің атауы 
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу 
жүктемесімен) 
Апталық Жылдық 
Апталық 
Жылдық 

Қазақ тілі мен әдебиеті 

144 

144 

Қазақ тілі мен әдебиеті

144 

144 

Қазақ тілі мен әдебиеті 

144 

108 

Қазақ тілі мен әдебиеті 

144 

108 

Қазақ тілі мен әдебиеті 

144 

108 
10-11 (ҚГБ) 
Қазақ тілі мен әдебиеті 

144 

108 
10-11 (ЖМБ)
Қазақ тілі мен әдебиеті 

144 

108 
Оқу жылының ұзаруына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды 
қайталауға, өтілген материалды бекітуге және күрделі тақырыптарды оқуға 
пайдалану ұсынылады. 
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту 
туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 
бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен оқыту нысанына 
қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдайды. 
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар 
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесі 5-6-сыныптарда 1 сағат, 7-11-
сыныптарда 2 сағат көлемінде төмендетілген. (ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы 
№496 бұйрық). Оқу жүктемесі төмендетілген сыныптарға вариативті компоненттен 
сағат алуға мүмкіндік берілген. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу 
бағдарламасының (оқыту қазақ тілінде емес) ерекшеліктері оқу мақсаттары 
жеңілдетіп берілген. Кейбір оқу мақсаттарына түсініктеме ретінде ұсынымдар 
беріліп, оқу мақсатттарына өзгерістер енгізілген. 
Жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу пәнінің мазмұны бойынша 
Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 
сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге 
асырылады.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз 
байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін 
жетілдіруді 
және 
дүниетанымдық 
дағдыларын 
кеңейтуді 
көздейді. 
Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының 
материалдық және рухани құндылықтарын, қазақ халқының салт-дәстүрін 
құрметтеуді, қазақша сөйлеу әдебі мен әдетін дағдыландыруды және қазақ 


130 
әдебиеті үлгілерін терең меңгертуді мақсат етеді және алған білімдерін өмірде 
қолдана білуге үйретеді

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 
білім алушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары СEFR -Шет 
тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті деңгейлерін (B2-С1) негізге ала 
отырып айқындалған.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет