2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын



Pdf көрінісі
бет55/181
Дата05.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#183834
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын 
әдістемелік тақырыптар
Әдістемелік бірлестік отырыстарында бастауыш сынып мұғалімдерінің 
кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, 
педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) 
бойынша ұсынылатын тақырыптар: 
1.
«Педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің алғышарттары»
2.
«Оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы 
білім беру сапасын арттыру»; 
3.
«Бастауыш сынып оқушыларының тілід дамытудың тиімді жолдары»; 
4.
«Білім беру үдерісін нәтижелі қорытындылау – білім сапасының 
кепілі»; 
5.
«Қалыптастырушы бағалауды қалай тиімді ұйымдастыруға болады?»
6.
«Бастауыш сыныпта цифрлық ресурстарды қолданудың тиімділігі»; 
7.
«Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер»; 
8.
«Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»; 
9.
«ҚМЖ-дың тәрбиелік мақсатын іске асыру жолдары»; 
10.
«Бастауыш сыныпта оқытудың белсенді әдістері»; 
11.
«Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту»; 
12.
«Қашықтан оқытуда білім беру платформаларын тиімді пайдалану»; 
13.
«Математикалық сауаттылықты дамыту»; 
14.
«ZERDELI» есептері туралы не білеміз? 
15.
«Математика сабағында стандартты емес есептерді шешу»; 
16.
«Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру»; 
17.
«Диaлогтік оқыту – мотивация тудыру негiзi»; 
18.
«Бейне сабақты қалай құруға болады?» 
19.
«Мұғалім мен оқушыға көмектесетін ақысыз білім беру онлайн-
ресурстары»; 
20.
«Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу, жоба жазу жұмыстарын 
практикалық тұрғыда ұйымдастыру ерекшеліктері». 
Бастауыш сыныпта оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру 
Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы басты мақсат – білім алушыларды 
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу негізінде білім беру.


96 
Қазіргі сабақтың құрылымы бірінші кезекте тәрбиелік мақсатты жүзеге 
асыру арқылы пәндік білім бере отырып, тәрбиенің негізін қалайтын 
адамгершілік, табиғатты қорғау, жалпы адамзат баласына, қоршаған ортаға деген 
мейірімділік сияқты құндылықтарды бала бойына дарытуды көздейді. 
Білім алушының ұлттық санасын оятуға, ана тіліне, өз еліне, туған жеріне 
деген құрметін қалыптастыруға, салт-дәстүрлерін білуге және қолдануға ықпал 
ететін тәрбиелік мәні бар тақырыптар («Мен атамның көмекшісімін», «Мен 
анамның көмекшісімін», «Қазақ халқының құнарлы ас мәзірі», « Салауатты өмір 
мәні – ата –баба мұрасы», «Ата ақылы», «Еңбек және өнер», «Ұлттық ойындар», 
«Денсаулық- табылмас байлық», «Маған ұнайтын ойындар», «Менің отбасым», 
«Отбасы құндылықтары», «Менің ата-анам», «Менің сүйікті кітаптарым», 
«Қазақстанның көрікті жерлері», «Менің туған өлкем», «Қазақстан 
Республикасының мерекелері» және т.б.) негізінде оқыту ұлттық 
құндылықтарымыздың мәнін түсінуге, өзінің іс-әрекетіне талдау жасауына, 
өзіндік қорытынды тұжырым жасай білуіне жағдай жасайды. 
Бастауыш сынып пәндерін оқытуда жұптық, топтық, өзіндік жұмыстарға 
негізделген және түрлі модельде даярланған логикалық, шығармашылық, 
жағдаяттық тапсырмалар, ойын түрінде берілген материалдар, рөльдік ойындар 
білім алушы бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастыруға 
негіз болуы тиіс. 
Бастауыш сынып білім алушыларының бойында рухани-адамгершілік 
құндылықтарды дамыту көбінесе мұғалім мен отбасының үйлескен, келісілген 
жұмыстарына байланысты ұйымдастырылады. Өйткені ата-аналар мұғалімнің 
қандай адамгершілік нормаларына тәрбиелейтінін, бала тәртібіне қандай 
талаптар қоятынын, олардың әрекеттері адамгершілік өлшемшарттар бойынша 
қалай бағаланатынын, сынып ұжымындағы қоғамдық пікірдің қандай екендігін 
білуі тиіс. Ата-аналар мен педагогтердің тәрбиелік әсерінің бірлігі тәрбиенің 
мақсаты мен нақты міндеттерін түсінуінен, оларды әртүрлі әдістер мен 
тәсілдерді қолдана отырып жүзеге асыру білігінен көрінеді.
Оқу процесін ұйымдастыруда ата-аналарды тартудың түрлі тәсілдері 
арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы, бірлескен үй тапсырмалары (балалар 
мен олардың ата-аналары үшін), тақырыптың мақсат-міндеттері ашатын 
әдебиеттер ұсыну, таныстыру сабақтары мен тренингтер, әңгімелер өткізу және 
тағы басқа әдістерді кеңінен қолдану қажет. Мұндай жұмыстар балаларды 
мектепте де, үйде де үздіксіз тәрбиелеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет