2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет90/181
Дата05.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#183834
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

Шетел тіліндегі сабақтан тыс жұмыс
тәрбиелік және дамытушылық 
мәнге ие. Бұл жұмыс шетел тілі бойынша білімді тереңдетіп қана қоймай, 
сонымен қатар білім алушылардың мәдени дүниетанымын кеңейтуге, олардың 
шығармашылық белсенділігін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді 


156 
және басқа елдің тілі мен мәдениетін оқуға деген ынтасын арттырады. Сондай-
ақ, оқытудың практикалық, тәрбиелік, білім беру және дамытушылық 
мақсаттарын неғұрлым толық жүзеге асыру үшін жағдай жасайды. 
Шетел тілін оқытуда сабақтан тыс жұмыстардың төмендегідей түрлері 
ұсынылады: тақырыптық ойын кештері; елтану үйірмелері; шетел тілдері 
апталығы; видеоклубтар, тілдік батыру орталықтары; шетел тіліндегі театр 
қойылымдары және т.б. 
9-11 
сынып 
білім 
алушыларына 
қазақтың 
ақыны

әдебиеттанушы 
ғалым,
түркітанушы
, публицист, 
педагог
, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет 
Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл толуына орай эссе жазу ұсынылады.
 
4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны 
Білім алушылардың ағымдағы үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды 
аттестаттау ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына «Орта білім 
беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға 
аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары» сәйкес 
жүргізіледі. 
БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық 
жұмыс, жоба, эссе) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өзі 
дайындайды.
«Шетел тілі» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт 
түрі (тыңдалым (тыңдалым), айтылым, оқылым, жазылым) бойынша жүргізіледі. 
Жиынтық бағалауда бөлім / ортақ тақырып үшін сөйлеу әрекетінің екі түрі 
біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым). 
Тыңдалым (тыңдалым) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық 
бағалауды өткізу жоспарланған апта бойы сабақта жүргізіледі. Формативті және 
жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі жасайды. 
БЖБ үшін максималды балл 2-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан 
артық емес, 5-11 сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.
Төменде бөлім / ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау рәсімдерінің саны 
берілген (10.4-кесте). 
10.4-кесте. «Шетел тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны 
Сынып 
Жиынтық бағалау тәртібінің саны 
бөлім/ортақ тақырып үшін 
1 тоқсан 
2 тоқсан 
3 тоқсан 
4 тоқсан 
2-сынып 




3-сынып 




4-сынып 




5-сынып 




6-сынып 






157 
7-сынып 




8-сынып 




9-сынып 




10-сынып 




11-сынып 




Вариативті компонент сағатының есебінен таңдалған 7-11-сыныптардың 
оқу пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында 
«есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау 
кезінде педагог сараланған немесе жеке тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ 
білім алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішінде жеке оқу 
бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет