2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Сынып  Пән бойынша тілдік деңгей



Pdf көрінісі
бет89/181
Дата05.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#183834
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

Сынып 
Пән бойынша тілдік деңгей
«Ағылшын тілі» 
2 сынып 
А1 low (төмен) 
3 сынып 
А1 mid (орташа) 
4 сынып 
А1 high (жоғары) 
5 сынып 
low-mid A2 (ортадан төмен) 
6 сынып 
mid-high A2 (ортадан жоғары) 
7 сынып 
low B1 (ортадан төмен) 
8 сынып 
mid B1(төмен) 
9 сынып 
high B1(жоғары) 
10 сынып 
В2 low –mid (ортадан төмен) 
11 сынып 
В2 (жоғары) 
«Немістілі», «Француз тілі»
2-4 сынып 
А1 
5-9 сынып 
А2 
10-11 сынып
В1 (орташа - В1.2) 
Бастауыш білім беру деңгейіндегі
«Шетел тілі» оқу пәнінің мазмұны білім 
алушылардың ойын және танымдық іс-әрекет арқылы тілдерді үйренуге деген 
қызығушылығы мен оң көзқарасын дамытуға, сондай-ақ ақпарат алмасу үшін 
бастапқы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, сөйлеу материалы 
ретінде мәтінмен жұмыс істей білу қабілетін дамытуға, нақты жағдайларда 
мәтіннен сөздер мен сөз тіркестерін пайдалануға бағытталған.
2-4 сыныптарда «Шетел тілі» пәнін оқу білім алушылардың тілдің A1 
деңгейін: 
- білім алушылардың шығармашылық ойлауын талдау, бағалау және 
дамытуға ықпал ететін әртүрлі тапсырмалар; 
- әр түрлі қызықты және ынталандыратын мазмұндағы ауызша және 
жазбаша дереккөздер арқылы меңгеруге бағытталған. 
Негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Шетел тілі» оқу пәнінің мазмұны 
білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес 
олардың тілдік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді; қазіргі әлемде шетел 
тілдерін оқытудың маңыздылығын түсіну; рухани-адамгершілік құндылықтарды 
дамыту; көптілді және көп мәдениетті әлемнің тұтас бейнесін, ұлттық 
құндылықты түсіну; өз елінің және әлем мәдениетімен танысу арқылы әртүрлі 
көзқарастарды құрметтеуге тәрбиелеу ақпарат көздерімен, оның ішінде 


155 
интернет-ресурстармен өз бетінше жұмыс істей білу; шығармашылық және сыни 
ойлауды дамыту және пайдалану. 
Негізгі орта білім деңгейі аяқталғаннан кейін білім алушылар «Ағылшын 
тілі» оқу пәні бойынша В1 тілдік деңгейіне, «Неміс тілі» және «Француз тілі» 
оқу пәндері бойынша А2+ тілдік деңгейіне жетуі тиіс. 
5-9-сыныптарына арналған «Шетел тілі» пәнін оқыту: 
- білім алушыларда пәндік білім мен дағдыларды саналы меңгеруді қамтамасыз 
етуге; 
- әртүрлі тапсырмалар арқылы тілдің А2-В1 деңгейін меңгеруге; 
- оқу бағдарламалары оқу процесінің оқу пәнінің әдістемелік әлеуетін кеңейтуге, 
білім 
алушылардың 
функционалдық 
сауаттылығын 
қалыптастыруға 
бағытталған. 
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі
«Шетел тілі» оқу пәнінің мазмұны 
мемлекеттік тіл мен Отанын қастерлей және сүйе отырып, көптілді, көп 
мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға; әртүрлі түпнұсқалық мәтіндердің мазмұны 
арқылы сөздік қорын байытып, коммуникативтік құзыреттілікті жетілдіруге; 
түрлі тілдік коммуникативтік құзыреттілікті меңгеруге шығармашылық көзқарас 
пен зерттеу жұмысы дағдыларын дамытуға бағытталған.
10-11 сыныптарда «Шетел тілі» пәнін оқыту білім алушылардың 
«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша В2 тілдік деңгейіне, «Неміс тілі», «Француз 
тілі» оқу пәндері бойынша В1 тілдік деңгейіне қол жеткізуге бағытталған. 
В1 және В2 сияқты жоғары деңгейде шетел тілін оқыту кезінде 
оқытылатын тілдің сөйлеу нормаларын, шетел тіліндегі ақпарат көздерімен өз 
бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге; білім алушыларды өз бетінше білім 
алуға дайындауға, сондай-ақ шет тіліндегі қарым-қатынастың жеке тәжірибесін 
алуға; мәдениетаралық коммуникация процесінде талап етілетін жеке тұлғалық 
қасиеттерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 
Білім мазмұны бойынша білім алушылардың даярлық деңгейіне 
қойылатын талаптарға сәйкес «Шетел тілі» оқу пәні бойынша білім 
алушылардың даярлық деңгейі оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы 
айқындалады.
Шетел тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыру коммуникативтік 
технологияларды (жобалар, сұхбаттар, рөлдік ойындар, пікірталастар, 
пікірталастар, конференциялар, байқаулар, драматургиялар және т.б.) жан- 
жақты пайдалануды көздейді. Сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды және сабақтан тыс қызметтің кең мүмкіндіктерін белсенді 
пайдаланған жөн, бұл шетел тілін үйренуге ынталандыруды арттыру, білім 
алушылардың танымдық қызметін жандандыру, олардың тілдік өзара іс-қимыл 
белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай 
жасауға ықпал ететін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет