2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет134/181
Дата05.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#183834
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

 
ҚР БҒМ 26.01.2022ж. 
№25 бұйрығы 
ҚР БҒМ 2012 жылғы 
8 қарашадағы 
№ 500 бұйрығына 
21-30-қосымшалар 
Үлгілік оқу жоспары 
(төмендетілген оқу
жүктемесімен)
ҚР БҒМ 26.01.2022ж. 
№25 бұйрығы
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 
қоғамдық-гуманитарлық бағыт
және 
жаратылыстану-математикалық
бағыт 
Инварианттық компонент
 
10 
Алғашқы 
әскери және 
технологиялық 
дайындық 

36 

36 
11 
Алғашқы 
әскери және 
технологиялық 
дайындық 

36 

36 
Вариативті компонент 
сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат 
қарастырылған 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша 
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды 
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 
3. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны 
бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 


238 
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Алғашқы 
әскери және технологиялық дайындық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы 
үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыттағы, 
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2020 жылғы «21» сәуірдегі № 154 бұйрығына қосымша, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі 
№ 115 бұйрығына 425-қосымша арқылы жүзеге асырылады. 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен 
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім 
беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу 
жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және 
практикалық сабақтарда іске асырылады: теориялық сабақтарды оқытудың 
дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық 
әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі
практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті, 
құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын игеруге 
бағытталады. 
Алғашқы 
әскери 
және 
технологиялық 
дайындық 
оқытушы-
ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық 
таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген 
саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты 
міндеттерін шешеді. 
2022-2023 оқу жылында әрбір білім беру ұйымдарында алғашқы әскери 
және технологиялық дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген 
күнтізбелік-тақырыптық жоспары құрылады.
Барлық жалпы білім беру мектептерінде меншік түрі мен ведомстволық 
бағыныстылығына қарамастан «Алғашқы әскери және технологиялық 
дайындық» пәні бойынша құралдар және жиһаздармен жабдықтау нормасына 
сәйкес көрнекіліктер, көрнекі үгіт-насихат стендтері және техникалық оқыту 
құралдарымен қамтамасыз етілуі үнемі жетілдіріліп отырады. 
Қару макеттері және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу 
құралдарымен қамтамасыз етілуі білім беру ұйымдарының есебінен іске 
асырылады. 
«Өмір қауіпсіздігінің және ақпараттық технологиялар негіздері» оқу 
курсының мазмұны 10-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының 
аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық 
пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің 
негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде 
жүргізіледі. 


239 
10-сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері 
бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім 
алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі 
табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-
шаралармен таныстырады. 
Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау 
және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген 
қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-
қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім 
басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес 
күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі. 
Далалық-оқу жиынындағы (лагерьлік) оқу материалдарын тақырыптар 
бойынша жоспарлау үлгісі (ұлдарға арналған). 10-сынып. 
Бөлімдер: 
1. «Тактикалық дайындық». 
2. «Атыс дайындығы». 
3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери 
құралымдарының жалпыәскери жарғылары». 
4. «Саптық дайындық». 
5. «Әскери топография». 
Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық 
бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару 
органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу 
сағаттарымен қамтамасыз етіледі. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу 
нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазба жұмыстың және 
практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны. 
11-сынып.
Бөлімдер: 
1. «Әскери қызметтің құқықтық негіздері». 
2. «Атыс дайындығы». 
3. «Саптық дайындық». 
4. «Технологиялық дайындық». 
5. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері». 
11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бөлім жол қозғалысы 
ережесін 
және автокөлік құралдарын 
қауіпсіз жүргізуді 
зерделеу 
қарастырылады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 11-сыныпта «Алғашқы 
әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 16 сағаттық 
жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің 


240 
оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері 
бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі. 
4. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға 
сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сүйеніп, бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша 10-11 
сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен 
бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне 
ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік 
қағидаларына (Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 
бұйрығының 16-тармағына толықтырулармен) сәйкес жүргізіледі. 
Үлгілік оқу бағдарламаларына (жаңартылған мазмұнның және 
төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 10-11-сыныптарда оқытылатын 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша жиынтық 
бағалау өткізілмейді. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні 
бойынша тоқсан, жартыжылдық және оқу жылының соңында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет