2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет66/181
Дата24.08.2022
өлшемі3,39 Mb.
#148219
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

«Өлкетану» 
материалдары 
кіріктірілген. 
Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы, 
экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және 
көркемөнері. Өлкетану өзіңнің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп 
қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке 
қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді. 
«Өлкетану» материалдарын оқыту: 
- білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған 
жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен 
ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру; 
- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени 
нысандары туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір 
мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет 
сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға 
бағытталған. 
Өлкетану материалдары 
6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат
көлемінде 
оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім 
мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына енгізілді. Оқу 
бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар 
бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» 
материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады. 
6-сыныпта «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау 
өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және 
тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің 
ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың 
шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның 
көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға 
үйрету ұсынылады. 
7-сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» 
электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-
журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар 
туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, 
эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, 
энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық 
энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады. 


113 
«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығымен 9-
сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында 
К.Гамсунның 
«Аштық» романының орнына Қажығали Мұхамбетқалиевтің «Тар кезең» романы
енгізілген.
ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР 
БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) 1-тармағында Жалпы 
орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына 
арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ 
мерзімді жоспарда:
«Зобалаң заман шындығы» бөлімінің атауы «Заман шындығы» және сол бөлімде 
оқытылатын Лира Қоныстың «Тиын» әңгімесі Ерболат Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» 
әңгімесімен ауыстырылды. 
Аталған бұйрықтың 1-тармағында Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу 
бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарда: 
 
«Аңызбен өрілген көркем сөз» бөліміндегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет