№ 10 дәріске СӨЖ тапсырмасы
«Қазақ тілі» оқу бағдарламасында әр сынып бойынша «Сөз таптары» бөлімінен неше сағат, қандай тақырыптар берілгенін анықтап, кестеге түсіру.
.
Орындаған: Қалдыбай Айкүміс бастауыш білім беру бизнес инновация
Тексерген:Жұмаш Ж
.
Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
|
Сөз таптары (35)сағат
|
Кім? не? кімдер? нелер? қандай? қай? не істеді? не қылды? қайтті? қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы түсінікті қайталау;
Сөз табы туралы түсінік. Зат есім, оның мағынасы, сұрақтары. Жалқы есім және жалпы есім. Жалқы есімнің жазылу емлесі;
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері. Зат есімнің көпше түрін сөз құрамына талдау, көптік жалғаулары;
Етістік, оның анықтамасы, сұрақтары. Дара және күрделі етістіктер;
сын есім және оның анықтамасы, сұрақтары. Сын есіммен зат есімнің байланысы;
сан есім және оның анықтамасы, сұрақтары. Сан есімнің зат есіммен байланысып айтылуы.
|
Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
|
Сөз таптары (34)сағат
|
сөз таптары туралы берілген ұғымды қайталау;
зат есім туралы 2-сыныпта өтілген материалды еске түсіру;
негізгі және туынды зат есім. Негізгі зат есім, оның анықтамасы;
туынды зат есім, оның анықтамасы. Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар;
зат есімнің тәуелденуі;
тәуелдік жалғау, оның жекеше және көпше түрлері. Тәуелдік жалғаудың емлесі;
етістік туралы берілген білімді еске түсіру. Негізгі және туынды етістік;
болымды және болымсыз етістік;
сын есім жайында берілген білімді еске түсіру. Негізгі және туынды сын есімдер;
салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыру;
заттарды әр алуан белгісіне, сапасына және т.б қарай салыстыру;
сан есім туралы берілген білімді еске түсіру. Есептік және реттік сан есімдер.
|
Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
|
Сөз таптары (48)сағат
|
сөз табы туралы өтілгенді қайталау;
морфология туралы түсінік. Морфологиялық талдау жасау;
зат есім. Зат есімнің септелуі. Септік жалғауының аттары мен септелуі. Септік жалғауының емлесі;
тәуелденген сөздердің септелуі;
көптік жалғаулы сөздердің септелуі. Зат есімнің жіктелуі;
жіктік жалғаулары, олардың жекеше, көпше түрлері;
етістік, оның жіктелуі. Жекеше және көпше жіктеу үлгілері;
етістіктің шақтары: осы шақ, өткен шақ, келер шақ;
сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлері, олардың емлесі;
қарсы мәндес сын есімдер;
сан есім. Дара және күрделі сан есімдер, емлесі;
есімдік туралы жалпы түсінік. Жіктеу есімдіктері, олардың септелуі;
үстеу туралы түсінік;
шылау туралы түсінік, олардың мәні;
шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы;
одағай сөздер және олардың емлесі;
еліктеуіш сөздер туралы түсінік. Олардың мәні мен емлесі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |