Асыл тұқымды және қолданыстағы шошқаларды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау асыл тұқымды немесе қолданыстағы шошқалар жіберіледі, соның ішінде келесі аурулардан:
африкалық шошқа обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
аусыл- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
шошқаның везикулярлы ауруы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
классикалық шошқа обасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
Ауески ауруы- шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;
трихенеллез, туберкулез, бруцеллез, шошқалардың респираторлы-репродуктивті синдромы, шошқалардың энтеровирусты энцефаломиелиті (Тешен ауруы) - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
лептоспироз- шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;
сібір жарасы- шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.
Карантин кезінде күнделікті термометриямен жануарларды қарау жүргізіледі, және шошқалардың классикалық обасына, бруцеллезге, туберкулезге, лептоспирозге, шошқалардың респираторлы-репродуктивті синдромына, Ауески ауруына, хламидиозге, вирустық трансмиссивті гастроэнтеритке, шошқалардың везикулярлы ауруына, парвовирусты инфекцияға, атрофиялық ринитке, шошқа тұмауына және импорттаушының сұрау бойынша басқада жұқпалы ауруларға диагностикалық зерттеулер өткізіледі.
Сойыс шошқаларын кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау сойыс шошқалар жіберіледі, соның ішінде келесі аурулардан:
африкалық шошқа обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
аусыл, шошқаның везикулярлы ауруы, классикалық шошқа обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
Ауески ауруы- шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;
трихенеллез, туберкулез, бруцеллез, шошқалардың респираторлы-репродуктивті синдромы, шошқалардың энтеровирусты энцефаломиелиті (Тешен ауруы) - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
лептоспироз- шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;
сібір жарасы- шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.
Жануарлар жеткізілу пунктіне жеткізілгеннен кейін 72 сағат ішінде сойылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |