2022 жылғы атаулы даталар Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл



бет1/4
Дата04.10.2022
өлшемі24,3 Kb.
#151629
  1   2   3   4
Байланысты:
АТАУЛЫ ДАТАЛАР


2022 жылғы атаулы даталар
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл
Ақын, ұлт ұстазы, ұлы ғалым, саяси қайраткер Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Ахмет Байтұрсынұлы 1937 жылы 8 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеден озды. Саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.
Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Мұхтар жастық шағында жаңа оқу-білімге көп құмартып, алғаш 18 жасында Абай ауылында пъеса жазып, өзі сахналаған. Алаш зиялыларының қатарында жүріп, Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. «Абай жолы» эпопеясы Мұхтар Әуезовтің есімін мәңгіге қалдырды.
Жазушы 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы ауруханада операция кезінде қайтыс болды. Алматы қаласында жерленген.
Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл
Жазушы Ғабиден Мұстафин 1902 жылы 29 қарашада Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында туған. "Мен дүниеге келген кезде қазақ өлгенін, туғанын қағазға жазбайтын. Әке-шешемнің жыл қайырып айтуы бойынша 1902 жылы тусам керек", деген жазушы өзінің өмір белестері туралы айтқанында.
Ғабиден Мұстафин шығармашылықпен қатар қоғамдық-саяси өмірге белсене араласты. Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі, алтыншы сайланған КСРО Жоғары кеңесінің депутаты, 4-5, 8-10 Қазақ КСП Жоғары кеңесінің депутаты болды. Екі рет Ленин орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы және Қызыл ту орденімен марапатталған.
Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл
Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойған аты – Ғабді әл-Ғабит. Бұл арабша "Құдайдың құлы" деген мағынаны білдіреді.
Ғабит Мүсірепов қазақ прозасында өз орынын ойып алған ұлы жазушы. «Ұлпан», «Қазақ солдаты» романдары, «Ана туралы балладалар», «Этнографиялық әңгіме» қатарлы әңгімелер жинақтары бүгінгі таңда да оқырман қолынан түспейді. «Амангелді» атты бірінші қазақ киносының сценарийін жазуға өз үлесін қосты (Вс. Иванов, Б.Майлинмен бірге). "Махаббат туралы дастан" және екі сериялы "Қыз Жібек" фильмдерінің сценарийін жазды.
1985 жылдың 31 желтоқсанында халық жазушысы 83 жасында өмірден өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет