2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының


Тұлғаға бағытталған тәсіл



Pdf көрінісі
бет8/84
Дата12.08.2023
өлшемі1,91 Mb.
#179805
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   84
Байланысты:
ӘНХ жоба 2023-24
Күн тәртібі, Атом және Аяф 2 модуль, 10с ЖМБ алг 21.12.2023ж ТЖБ
 
Тұлғаға бағытталған тәсіл 
 
Оқыту мен тәрбиелеуде тұлғаға бағытталған тәсілдің мақсаты білім 
алушының жеке қасиеттерін ашу және мақсатты дамыту үшін қажетті жағдайлар 
жасау болып табылады. Мұндай тәсілді жүзеге асыру оқытудың белсенді және 
интерактивті әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Білім алушы

тұлға 
белсенді әрекет ететін мақсатты субъект ретінде тұлғаға бағытталған тәсіл 
аясында әрекет етеді.


13 
Тұлғаға бағытталған тәсіл келесі ерекшеліктермен сипатталады: мазмұн 
даму құралы ретінде қарастырылады; жеке мүмкіндіктер мен ерекшеліктер 
ескеріледі; оқу материалы білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере 
отырып әртүрлі нұсқада ұсынылады; диалог режимінде білім алушылармен тең 
қарым
-
қатынас құрылады; нәтижелер ғана емес, сонымен қатар қызмет процесі 
де бағаланады; барлық білім алушыларға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік 
беретін жағдайлар жасалады.
Тұлғаға бағытталған тәсіл білім алушылардың қажеттіліктерін бірінші 
орынға қою арқылы оқу нәтижелерін жақсартады. Тұлғаға бағытталған тәсілдің 
құндылығы баланың жеке басын оның бірегей жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге 
негізделген.
 
STEM/ STEАM технологияларын қолдану
 
STEM - 
жаратылыстану, технология, инженерия және математика 
сабақтарын біріктіретін оқу бағдарламасы. STEAM технологиясы білім берудің 
бес саласын бірыңғай оқыту жүйесіне біріктіреді (өнер қосылады).
Білім беру процесінде STEM/ЅТЕАМ технологияларын қолдану жекелеген 
пәндерге емес, белгілі бір тақырыптарға сәйкес интеграцияланған оқытуды 
қамтамасыз етеді.
STEM/ЅТЕАМ оқыту технологиялары білім алушыларда пәндік және 
метапәндік құзыреттерді қалыптастыруға, сыни
ойлауды, проблеманы 
шығармашылық шешу дағдыларын және командадағы қызметті дамытуға 
арналған белсенді оқытудың заманауи әдістерін, пәнаралық цифрлық мазмұнды, 
пәнаралық және қолданбалы оқу тапсырмаларын қолдануды көздейді 
(
https://www.livescience.com/43296-what-is-stem-education.html
). 
STEM/ ЅТЕАМ технологияларына негізделген тәсіл сабақта да, сабақтан 
тыс уақытта да қолданылады. Сабақтарды өткізу кезінде проблемалық 
бағдарланған
және эвристикалық оқытуды, ал сабақтан тыс уақытта –
жобалық 
және зерттеушілік 

бағдарланған оқытуды қолдану ұсынылады.
Педагогтерге
оқу тапсырмаларының, шығармашылық жобалардың 
негізінен қолданбалы сипатын қолдана отырып, сабақтарды, оқу сабақтарын 
жоспарлау ұсынылады. Сонымен қатар, тапсырмалар мен жобаларды орындау 
бірлескен шығармашылық, зерттеу қызметін қамтиды, оның барысында өзара
қарым
-
қатынас орнату
қабілеті дамиды. Білім алушының педагогпен
және басқа 
білім алушылармен бірлескен оқу іс
-
әрекеті процесінде алынған өнімнің 
маңыздылығына назар аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет